Ресейлік "Лукойл" Қазақстандағы активтерін сатуға ниетті

Фото: depositphotos.com/shinobi
Ресейлік "Лукойл" Қазақстандағы активтерін сатуға дайындалып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Кейбір елдердің компания мен оның еншілес компанияларына қатысты шектеу шараларын енгізуіне байланысты Лукоил шетелдік активтерін сату ниетін жариялады.
“Біз әлеуетті сатып алушылардың өтініштерін қарастыра бастадық. Активтерді сату OFAC-тың тарату лицензиясына сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Қажет болған жағдайда компания шетелдік активтерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін лицензияны ұзартуға өтініш беруді жоспарлап отыр", – делінген "Лукойл" мәлімдемесінде.
"Лукойл" Қазақстандағы бірнеше негізгі мұнай-газ жобасы мен нысанында үлестерге иелік етеді.
"Лукойл" Каспий теңізіндегі Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов жобаларында 50% үлесті сатып алды, бұл келісімнің құны – шамамен 200 миллион доллар. "Лукойл" Әл-Фараби жобасының 49,9%-ына иелік етеді. Компания құрлықтағы қолданыстағы өндіріс жобаларында үлестерге ие – Теңіз жобасында 5% және Қарашығанақ жобасында 13,5%. Лукойл, сонымен қатар, қазақстандық мұнайды экспорттауға ықпал ететін Каспий құбыр консорциумының серіктесі.
Бір айда самокат айдаған 6,5 мың адамға айыппұл салынған: Қазақстандық кикшеринг иелері тәртіп бұзғандарды қалай жазалайды?