Қазақстанда педофилдерге түрмеден шығарда химиялық кастрация жасалады
Фото: istockphoto.com
Денсаулық сақтау министрі мәжбүрлі медициналық сипаттағы шараларды қолдану қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрыққа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Денсаулық сақтау министрінің 2025 жылғы 1 қазандағы №102 бұйрығына сәйкес, химиялық кастрация жазасын өтеушіге босатылуына алты ай қалғанда жүргізіледі.
Бұл шара тек сот шешімімен және 18 жастан асқан, кәмелетке толмағандарға жыныстық сипаттағы қылмыс жасаған адамдарға ғана қолданылады. Процедураны қылмыстық-атқару жүйесінің медициналық ұйымдарының мамандары орындайды.
Химиялық кастрация – жыныстық құмарлықты төмендету және қылмыскердің бостандыққа шыққаннан кейін қылмысты қайталау қаупін азайтуға бағытталған мәжбүрлі медициналық шара болып cаналады.
Жаңа бұйрық 2020 жылы бекітілген Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы ережелеріне түзетулер енгізеді. Құжат ресми жарияланғаннан кейін күшіне енеді.
Айта кетейік, Түркістанда 11 жастағы қызға азғындық жасамақ болып, кездесуге шақырған ер адамның ұсталғаны туралы жазғанбыз.

"Финалда секеңдеп, секіріп дұрыс емес үлгі көрсетемін бе деп қорықтым. Маған шоу көрсет деді..." – Айдос Сұлтанғали
