Алматыда жылыту маусымы қашан басталатыны белгілі болды
Фото: pixabay.com
Алматыда әлеуметтік нысандар мен орталық жылу жүйесіне жылу қашан берілетіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматыда ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты қала әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен жылыту маусымын әдеттегіден ертерек бастау туралы шешім қабылданды. 8 қазаннан бастап қалада орталық жылыту жүйесіне қосылу жұмыстары басталады.
Жылу ең алдымен балабақша, мектеп және медициналық мекеме сынды әлеуметтік нысандарға беріледі. Бұл туралы Алматы қаласының Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы хабарлады.
Тұрғын үйлерді орталық жылу жүйесіне қосу 10 қазаннан басталады. Жылу берілген соң ПИК пен МИБ мамандары үйдің ішкі жылыту жүйесін ретке келтіреді. Радиаторлар мен тікқұбырдан ауа шығарылып, қысым реттеліп, пәтерлердің біркелкі жылынуын қамтамасыз етеді.
-
Қазақстандықтарға жылу үшін артық төленген 1,6 миллиард теңге қайтарылады
-
Қай өңірлер қыста жылусыз қалуы мүмкін: Қазақстанда 10 ЖЭО әлі де "қызыл" аймақта
"АлЖЖ" компаниясы айналым режимді іске қосқан. Бұл қажет болған жағдайда барлық ауданға жылуды жедел беруге мүмкіндік береді.
Кәсіпорын қысқы кезеңге толық дайын. Ықтимал ақауларға жедел ретке келтіру үшін материалдар мен жабдықтардың апаттық қоры жасақталған. 2025-2026 жылдардағы жылыту маусымында 16 апаттық және жөндеу бригадасы, барлығы 220 маман мен 56 техника бірлігі тәулік бойы кезекшілік етеді.
Еске салсақ, Астанада ауа райының суытуына байланысты жылыту маусымы қыркүйек айының екінші жартысынан бастап қосыла басталды.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
