Қазақстандық әйел FlyArystan-ды 3 жастағы баламнан бөлек отырғызды деп айыптады: Әуе компаниясы олай істеуге құқылы ма?
Фото: Image: Getty
Қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы өзін 3 жастағы баласынан бөлек отырғызды деп шағымданды. Компания өзінің лоукостер екенін айтып, баланы анасының жанына отырғызу үшін қосымша ақы төлеу керек екенін айтқан. Stan.kz Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне сұрау жіберді.
Қазақстандық әйел FlyArystan лоукостерінен екі адамға, яғни өзіне және 3 бастағы балаға билет алған. Желі қолданушысы әуе компаниясының баланы анасынан бөлек орынға отырғызғанын айтып шағымданды.
“Автоматты түрде мені 3 жастағы баламнан бөлек отырғызып тастапты. Осы мәселе бойынша жазғанымда “орынды сатып алыңыз” деп жауап берді. Жақында дәретхана да ақылы болады”, – деп жазды желі қолданушысы.
Желідегілер әйелдің сөзін құптап, әуе компаниясының баланың қауіпсіздігін де ескеруі екенін айтты.
“Баланы ересек адамнан алшақ отырғызу да лоукостер үлгісі ме?”, “3 жастағы баланы бөлек отырғызуға құқыларың жоқ”, “Естерің дұрыс па? Бала ата-анасынан бөлек отырмайды”, “Бірінше кезекте әуе компаниясының моделі емес, жолаушының қауіпсіздігі болу керек”, “Балаңа бір нәрсе болса, сендер жауап бересіңдер ме?”, – деп жарыса жазды желі қолданушылары.
Әуе компаниясы өз кезегінде FlyArystan-ның жолаушылардың қосымша қызметтерді өздері таңдайтын лоукостер үлгісінде жұмыс істейтін Қазақстандағы жалғыз әуе компаниясы екенін айтты.
“Онлайн тіркелу кезінде жүйе орындарды автоматты түрде кездейсоқ тәртіппен тағайындайды. Егер сіз тағайындалған орынды өзгерткіңіз келсе, таңдаған қатарға байланысты қосымша ақы төлеуіңіз қажет”, – деп жауап берді әуе компаниясы.
Осы тұста Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңда жас балаларды міндетті түрде ата-аналарының қасында немесе тікелей жақын жерде отырғызу мәселесі реттелмеген.
“Осыған байланысты, балалардың ата-аналарының қасына отыруы үшін, тіркеу басталған сәтте әуе кемесіндегі тиісті орындарды дер кезінде таңдау қажет. Сонымен қатар отандық авиакомпанияларының басым бөлігі бірінші қатардағы орындардан басқа, әуе кемесіндегі орындарды таңдағаны үшін ақы алмайды. Яғни, әрбір жолаушы тіркеуден өткен кезде қолжетімді болса, қалаған орнын таңдай алады. Алайда, “лоу-кост” үлгісінде жұмыс істейтін “FlyArystan” АҚ қосымша ақыға қызмет көрсетеді. Оның ішінде атап айтқанда, рейске тіркелу, әуе кемесіндегі орынды таңдау, 20 келіге дейінгі тіркелетін багаж, ұшу күндерін өзгерту қызметтері бар”, – деп жауап Азаматтық авиация комитеті.
Сондай-ақ ведомство мұндай тәжірибе “лоу-кост” үлгісінде жұмыс істейтін әуе компаниялары үшін бүкіл әлемде кең қолданыста екенін атап өтті.

Данна Қарағұсова кім: Ол ғарышқа ұшу үшін қанша төлейді
