Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Досыңыз құпияңызды ашып, қаржылай қиындыққа тап боласыз": Қазан айына арналған жұлдыз жорамал

Қазан айына жұлдыз жорамал

Фото: Ru.freepik.com

Қазан айының басты тақырыбы – ер мен әйел арасындағы, іскерлік және достық байланыстар. Көп жұлдыз белгілерінің уайымы көбейіп, жеке өмірінде мәселелерді шешумен әлек болады. Stan.kz ақпарат агенттігі қазан айына арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

Тоқты

Қазан айының басында тоқтылардың отбасындағы жағдай ушығуы мүмкін. Бәлкім, отбасы мүшелерінің бірі өзінің отбасындағы міндетін орындаудан бас тартуы ықтимал. Мұның соңы келіспеушілікке әкеліп соғады. Мұндай жағдай әсіресе, үлкен буын өкілдері бар әулеттерде болу ықтималдығы жоғары. 

Айдың ортасында достарыңыздың көмегі мен қолдауына мұқтаж болуыңыз ықтимал. Тіпті сүйіктіңізбен арадағы түсініспеушілік кезінде отбасылық досыңыздың қолдауы маңызды. Сондай-ақ айналаңыздағы адамдардың көмегімен өміріңіздегі өзекті мәселелердің шешімін табасыз.

Айдың соңғы күндері отбасыңызға көңіл бөлгеніңіз абзал. Үйіңізді жинап, бәрін тәртіпке келтіруге уақыт қажет болуы мүмкін. Әсіресе, отбасылық міндеттерді бекітуге уақыт бөліңіз.

Қолайлы күндер: 2-3, 7, 10-11, 15-16, 24-26, 29-31.

Қолайсыз күндер: 1, 6, 12-13, 19-21, 27-28.

Торпақ

Қазан айында жұлдыздар торпаққа жұмыстары мен шаруалары шаш етектен болатынын ескертеді. Бұл кезеңде торпақтар әлсіреп, денсаулығы сыр беріп жүруі мүмкін. Сол үшін жүктемені азайтып, бітпей тұрған істерді жайлап бөліп шешу керек. Әйтпесе, сыртқаттанып, ауруыңызды асқындырып алуыңыз ықтимал. 

Ал айдың ортасында денсаулығыңызға көңіл бөлгеніңіз абзал. Жылы киініп, аяғыңызды жылы ұстаңыз. Саулығыңыз өзіңіз үшін ғана емес, жұмыстарыңыздың ойдағыдай әрі уақытылы аяқталуы да денсаулығыңызға байланысты. Сондай-ақ бұл айда мансапта өсуіңіз мүмкін. Қаржылық мәселелеріңіз де оң шешімін табады. 

Ал қазанның соңғы күндерін айналадағы адамдар мен араласатын жандарға талдау жасауға арнаңыз. Бәлкім, өзіңізді қолайсыз сезінуге мәжбүрлейтін адамдармен араласып жүрген боларсыз? Ондай жандармен ара қатынасыңызды үзген жөн.

Қолайлы күндер: 1, 4-5, 8-9, 12-13, 17-18, 27-28

Қолайсыз күндер: 2-3, 10, 14-16, 22-23, 29-31.

Егіздер

Қазан айының басы егіздерде қаржылық қиындықтармен басталады. Бәлкім, шұғыл түрде ақша керек болып қалар. Сондықтан қажетсіз шығындардан аулақ болғаныңыз жөн. Тағы бір мәселе – сүйіктіңізбен шектен тыс үнемшілдіктің салдарынан болған түсініспеушілік.

Айдың ортасында “кімге көңіл бөлемін: достарыма әлде сүйіктіме?” деп бас қатыруыңыз ықтимал. Жеке өміріңізді сенімсіздік пен күдік торлауы мүмкін. Сондықтан бұл уақытты шығармашылыққа арнаңыз. Бұл хобби, спорт, музыка немесе өнер болуы мүмкін. Оқу оқып, көкжиегіңізді кеңейтіуге әрекет етіңіз, дамуды қолға алыңыз. 

Ал ай соңында қаржыңызды үнемдеп жұмсауға тура келеді. Сол себепті шығыныңызды азайтып, алдағы уақытта қомақты дүние сатып алу үшін ақшаңызды жинаңыз.

Қолайлы күндер: 2-3, 7, 10-11, 15-16, 19-21, 29-30.

Қолайсыз күндер: 4-6, 17-18, 24-26, 31.

Шаян

Қазанда шаяндардың отбасында біршама келіспеушіліктер болуы мүмкін. Бұл әсіресе, өз отбасын құрмаған, ата-анасына тәуелді шаяндарға қатты байқалуы ықтимал. Ата-анаңыздың әлденеге келісім бермеуі сізге жасалған қысым не еркіндігіңізді шектеу болып көрінуі мүмкін. Жұлдыздар өміріңіздегі өзгерістерге бейімделуге кеңес береді. Жеке өміріңізде өзгерістер болуы ықтимал. 

Сондай-ақ табиғатқа шығып, қуат алып, рухани тепе-теңдікті қалыпқа келтіруге мүмкіндік бар.

Ай соңында бірқалыпты өмір салтын әдетке айналдырғаныңыз жөн. Бұл әдет сізді оң нәтижелерге жетелейді және оның не үшін, қаншалықты маңызды екенін түсінесіз.

Қолайлы күндер: 4-5, 8-9, 12-14, 17-18, 22.

Қолайсыз күндер: 1, 6-7, 20-21, 27-28.

Арыстан

Келер айда арыстандардың жұмысында бірқатар кедергілер пайда болуы мүмкін. Денсаулығына байланысты өзін көптеген дүниелерден шектеуге мәжбүр болуы ықтимал. Одан бөлек, айналадағы адамдармен қарым-қатынасы нашарлауы мүмкін. Сол себепті кездескен адамдарға сырыңызды ашудан аулақ болыңыз. Алдағы уақытта араласып жүрген жандармен ат құйрығын үзісіп, кейін жаңа таныстықтың арқасында басқа адамдармен ортаңыз толмақ. Адамдармен ара қатынастың үзілуіне көңіл қалу немесе орындалмаған уәделер себеп болуы ықтимал. 

Есесіне, серіктестеріңізбен жақсы тіл табысып, өзара келісіп кез келген өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік туады. Жұлдыздар қоғамдық іс-шараларды да қалдырмауға кеңес береді. Сондай-ақ білім алып, сапарға шығуға қолайлы уақыт.

Қазан айының соңында отбасылық өміріңіз қалыпқа келеді. Бұған дейін сізді әлдене алаңдатқан болса, енді еш уайымдамай отбасыңызбен жақсы әрі сапалы уақыт өткізесіз. 

Қолайлы күндер: 6-7, 10-11, 15-16, 19-20, 24-26.

Қолайсыз күндер: 2-3, 8-9, 14, 22-23, 29-31.

Бикеш

Қазанда бикештердің достарымен ара қатынастағы келіспеушілігі ушыға түспек. Бұл қаржылық қиындықтарға байланысты болуы ықтимал. Астрологтар бикештерге достарына қарызға ақша беруге не олардан алуға мүлдем кеңес бермейді. Сондай-ақ қазан айы өміріңізге көңіл бөліп, жеке мәселелеріңіздің шешімін табуға қолайлы уақыт. Күздің екінші айында фитнеске, жүзуге қатысып, жаттығумен айналысуға болады. Бикештердің физикалық денсаулығы жеке өміріндегі жетістіктерінде, шығармашылық немесе спорттық байқауларда айтарлықтай маңызды рөл атқаруы мүмкін. 

Қолайлы күндер: 1, 8-9, 12-13, 17-18, 23, 27-28.

Қолайсыз күндер: 4-5, 10-11, 22, 24-26. 31.

Таразы

Келер айта таразылар жеке дамуына қатысты қиындықтарға тап болмақ. Өз жағдайына қарамай қосымша көп жүк алып алуы мүмкін. Сондықтан астрологтар таразыларға ауқымды міндеттемелерді өз жауапкершілігіне алудан аулақ болуға шақырды.

Айдың ортасында сүйіктіңіздің тарапынан сізбен санаспау секілді әрекеттері екеуара түсініспеушілікке әкеліп соғуы мүмкін. Екеуіңіздің араңыздағы келіспеушілікті тек балаларыңыз бен ортақ шығармашылық ұмыттырап, табыстыруы ықтиамал. Екеуіңізге ортақ қызығушылықтар болса, оған да уақыт бөліңіз. Сондай-ақ бұл бірге сапарға, кинотеатр, концертке баруға қолайлы уақыт. Білімге деген құлшыныңыз артуы мүмкін. Бұл оқуыңызға оң әсерін береді.

Ай соңында жұмысыңызға, кәсібіңізге көңіл бөліңіз. Жақсы, нәтижелі жұмысыңыз үшін сыйақы алып қалуыңыз да ықтимал.

Қолайлы күндер: 2-3, 10-11, 15-16, 19-21, 24-26, 30-31.

Қолайсыз күндер: 1, 6-7, 12-13, 27-28.

Сарышаян

Келер айда сарышаяндар айналасындағы адамдардың ойы мен шын пиғылын түсіне алмай, ара қатынаста бірқатар қиындықтар болуы мүмкін. Салдарынан түрлі өсек-аяңның кесірінен абыройыңызға нұқсан келуі ықтимал. Егер бөтен адамдарға сырыңызды ашып, жеке өміріңіздегі құпияларды айтпасаңыз бұл келеңсіздіктерден айналып өтесіз.

Астрологтар қазан айының ортасында сарышаяндарға күн тәртібімен жүріп, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес берді. Бұл денсаулығыңызға да пайдалы, жұмысқа деген қабілетіңізді арттыруға көмектеседі. Әрине, бұл оңай болмайды.

Қазан айы отбасымен уақыт өткізуге өте қолайлы уақыт. Уақыт өте қаржылық жағдайыңызды реттейсіз. 

Қолайлы күндер: 1, 4-5, 12-14, 17-18, 22-23, 27-28.

Қолайсыз күндер: 2-3, 8-9, 15-16, 29-31.

Мерген

Қазан айындағы тұрақсыз жағдайлар мергендердің жоспарын өзгертуге мәжбүр етеді. Мұның негізгі себептерінің бірі – қаржылық қиындықтар. Астрологтар мергендерге өткір және үшкір дүниелерді пайдаланғанда абай болуға шақырды. Жарақат алуыңыз ықтимал. 

Айдың ортасында жеке өміріңізде біршама өзгерістер болуы мүмкін. Достарыңыз бен құрбыларыңыз көп болса, олардың бірімен ара қатынасыңызды бұзып алу қаупі бар. Себебі достарыңыздың бірі сіздің өміріңіздегі құпияңызды өзгелерге айтқанын біліп қалуыңыз ықтимал. Жеке өміріңізде де осындай тұрақсыз жағдайлар болуы мүмкін. Десе де жаңа таныстықтар мен білім алу үшін қолайлы уақыт.

Ай соңында қаржылық жағдайыңыз тұрақталады. Бұған дейін несиелеріңіз болса, олардан құтылуға мүмкіндік тумақ.

Қолайлы күндер: 2-3, 6-7, 15-16, 19-21, 24-26, 30-31.

Қолайсыз күндер: 4-5, 10-11, 17-18.

Тауешкі

Ай басында тауешкілер қандай қадамға бару керек немесе не нәрсені шегере тұру керек деген сұрақтарға шешім таппай дал болмақ. Өйткені сіз қай істі қолға алсаңыз да, кедергілерге тап боламын деген ойдан арыла алмайсыз. Десе де кейде қате жасап, оны түзетіп жүргенше, маңызды дүниелерді кейінге шегерген дұрыс.

Тауешкілер үшін өзекті мәселелер отбасына және қызметіне байланысты болмақ. Астрологтар жұмыста жоспар құрып, ірі жобаларды бастамауға кеңес береді.

Ай соңында серіктесіңізбен ара қатынасыңыз реттеледі.

Қолайлы күндер: 1, 4-5, 8-9, 17-18, 22-23, 27-28.

Қолайсыз күндер: 6-7, 12-13, 19-21.

Суқұйғыш

Қазанда суқұйғыштар үшін қиын кезең күтіп тұр. Әуелі, астрологтар денсаулыққа аса мән беру керек екенін айтады. Күзде суықтап қалудан сақ болыңыз, жылы киініңіз. Энергияңыз таусылып, әлсіреп қалу қаупі бар. Сондықтан үй жинап, үй жануарларының күтімін кейінге қалдыра тұрғаныңыз жөн. 

Айдың ортасында сапарға шығып, жаңа адамдармен танысасыз. Сұйғыштарға тексерілмеген, жалған ақпарат келіп түсуі мүмкін. Сол себепті шалыс баспаймын десеңіз, деректерді тексеріп, рас екеніне көз жеткізіңіз. 

Қолайлы күндер: 2-3, 6-7, 10-11, 19-21, 24-26, 29-30.

Қолайсыз күндер: 8-9, 14-16, 22-23.

Жеке өміріңізде оң өзгерістер болуы ықтимал. Айдың соңғы күндері романтикалық кештермен, шығармашылықпен және ойын-сауықпен есте қалмақ. Тек әр күніңізді нақтылап жоспарлаңыз. Бұл ісіңіздің оң аяқталуына, уақытыңызда тиімді пайдалануға көмектеседі. Сондай-ақ гимнастика жасап, фитнеске, бассейн мен саунаға баруды әдетке айналдырыңыз.

Балықтар

Қазан айында балықтардың жеке өмірінде түсініспеушіліктер мен жанжалдар болады. Оларға интимдік мәселер себеп болуы мүмкін. Өз қалауыңызды айтып қана қоймай, сүйіктіңіздің көңіл-күйін де ескеруге тырысыңыз. Жұбайыңыздың немесе серігіңіздің тілектеріне түсіністікпен қарап, қысым көрсетпеуге тырысыңыз. Әйтпесе, қарым-қатынастар ұзақ уақыт бұзылуы ммүкін.

Қажетсіз шығындар қаржылық қиындықтарға себеп болады. Дегенмен негізгі жұмыстан бөлек қосымша табыс көзі барлар, жеке тапсырыс орындайтындар немесе фриланспен айналысатындар бұл қиындықты оңай еңсереді. Қазан айы өзіңізге қызық әрі болашақта қажетке жарайтын материалдарды өз бетінше оқып-үйренуді бастауға қолайлы уақыт.

Қолайлы күндер: 1, 4-5, 8-9, 12-13, 22-23, 27-28.

Қолайсыз күндер: 10-11, 17-18, 24-26, 31.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 01 Қазан, 2025 12:34
Талқылау