Маңғыстауда құмар ойындарын ойнағаны үшін екі мемлекеттік қызметкер жұмыстан босатылды
Фото: pixabay.com
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өңірлік департаментінің басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов Маңғыстауда екі шенеунік құмар ойынын ойнағаны үшін қызметтен кеткенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Тоқтамыс Жұмағұловтың айтуынша, облыста кей мемлекеттік қызметкерлердің өз міндеттерін дұрыс атқармау деректері тіркелген.
"Бүгінгі дөңгелек үстелде біз мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттер мен этикалық нормаларды бұзу мәселелерін, сондай-ақ мемлекеттік қызметкерлерге қойылған шектеулерді сақтау жайын талқыладық. Өкінішке қарай, біздің өңірде екі мемлекеттік қызметкердің құмар ойындарға байланысты орынсыз әрекетке жол бергені анықталды. Екеуі де теріс себептермен жұмыстан шығарылды", – деді ол.
-
Қазақстанда алимент бойынша қарызы барларға құмар ойын ойнауға тыйым салынып жатыр
-
Енді әскерилердің құмар ойындарға қатысуы елеулі тәртіптік теріс қылыққа жатқызылады
Сонымен қатар, департамент басшысы облыста лауазымды тұлғалардың есірткі қолдануы бойынша да фактілер тіркелгенін айтты. Осыған байланысты департамент полициямен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілер арасында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу жұмыстарын күшейткен.

"Баласы бар әйелге міндет арту – сауатсыздық": Қазақстандықтар сәбиі бар үйге қонаққа баратындарды сынады
