"Ерекше байланыс бар": Сабина Алтынбекова экс-жолдасымен қайтадан қосылуына қатысты ойын бөлісті
Фото: https://www.instagram.com/altynbekova_20/
Соңғы кезде жеке өмірі мен карьерасы қызу талқыға түскен Сабина Алтынбекова көпшіліктің сұрағына нүкте қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Спорт саласының сұлуы журналист Динара Сәтжанмен сырласып, өмірінен сыр шертті.
“Ұлымның әкесімен әлеуметтік желі арқылы таныстық. Махаббат пайда болып, шаңырақ көтердік. Кейін екі жаққа кеттік. Бұрын сүйікті адамыммен мәңгі бірге боламын деуші едім. Ол сөзім де тұрғым да келді. Бірақ өмірдің бағыты басқа екен. Сол үшін қазір ештеңе айта алмаймын. Айтқан сөздерім, керісінше болып орындалып жатады. Көңіл-күйім де өзгеріп жүр. Менің жеке өмірімдегі сәтсіздігіме айналысатын спортымның ешқандай да қатысы жоқ. Ешқандай зияны тиген жоқ”, – дейді спортшы.
-
"Қауіпсіздік сыпайылықтан жоғары тұрсын": Сабина Алтынбекованың жазбасы көпшілікті ойландырды
-
"Бұл сұраққа нүкте қойдым": Сабина Алтынбекова жеке өміріне қатысты мәлімдеме жасады
Волейболшының сөзінше, бүгінде ұлы әкесімен араласып тұратын көрінеді.
“Тағдырыма ренжімеймін. Осылай болу керек шығар?! Керісінше, менің өмірімде ажырасу оқиғасының болғанына өте қуаныштымын. Мен мұны абыроймен қабылдаймын. Ол өте керемет әке. Мен мұны бәріне айтамын. Ол ұлымызды қатты жақсы көреді. Олардың арасында ерекше байланыс бар. Болашақта қосылуымызға қатысты сұраққа нақты жауап бере алмаймын. Жоғарыда айтып кеткенімдей, керісінше болып қалуы мүмкін", – деді Алтынбекова.

"Қылмыс көбейіп, адамдардың денсаулығы нашарлаған": Қазақстандықтар бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруды талап етіп жатыр
