Ақмола облысы көлік инспекциясында пара алу дерегі бойынша 11 адам сотталды

Көкшетау қалалық соты Ақмола облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясындағы сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сотқа бұрынғы инспекция бөлімінің басшысы, делдал және тоғыз жүргізуші тартылды.
Тергеу кезінде лауазымды тұлғаның делдал арқылы тиісті рұқсат құжаттары жоқ, қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзып мұнай өнімдерін тасымалдауға көмектескені үшін жүйелі түрде пара алғаны анықталды.
Сот барлық қатысушыларды пара алу және беру дерегі бойынша кінәлі деп таныды. Ол Көлік прокурорының өтінішхатын қанағаттандырды. Судья Көліктік инспекциядағы сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында Көлік министрлігінің атына жеке ұйғарым шығарды.
Сот процесі инспекция қызметкерлерінің қатысуымен ашық түрде өтті. Бұл сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыруға бағытталған профилактикалық жұмыстың бір бөлігі болды.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"