Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жын шығарамын деп қамшымен сабаған": Жамбыл облысында құлдықта болған балалардың әкесі мен анасы өз нұсқаларын айтты

Видеодан скрин

Жамбыл облысында өгей әкелерінің қолында құлдықта болған балалардың туған әкесі мен анасы сұхбат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ата-ана журналист Руслан Өтепбайға сұхбат беріп, оқиғаға қатысты өз нұсқаларын айтты. 

Балалардың туған әкесі Нұржан есімді азамат балалар аналарының жанында жүргендіктен мұндай жағдай болады деп ойламағанын айтады. 

“Өзімнің жүрегім аурып кетті. Жаңа өгей әкесі ұрып жатыр екен деді. Қамшымен ұрады, қол мен аяқпен ұрып, тепкілей береді екен. Мал бақтырып отырған. Арқаларында, аяқтарында қамшының іздері бар. Сосын намаз оқытады екен мәжбүрлеп. Түн ішінде тасбих тартып отырып қалғып кетсек, қамшымен салып қалады екен”, – дейді балалардың туған әкесі Нұржан. 

Балалардың жағдайы туралы алғаш болып хабарлап, құлдықтан құтқарған нағашы әпкелері Жанеркенің айтуынша, балалардың жағдайы туралы сіңлісіне айтқанда “мен бақыттымын, менің өміріме араласпа” деп жауап берген көрінеді. 

Балалар Жанеркеге телефон соғып көмек сұраған соң, ол балаларды алып кету үшін ауылға келген. 

“Балаларды алып кету үшін ауылға келдім. Алыстан қарап, малды айдап шыққандарын күтіп тұрдым. Бір кезде балалар шықты. Шыға салып, 10 метр жүргеннен кейін екеуі отырып, тамақтана бастады. Мен жандарына барып “қазір ғана үйден шықтыңдар, тамақ ішпедіңдер ме” деп сұрадым. “Мамамыз тығып салып берді” дейді. Сонда өгей әкелерінің көзінше тамақ ішсе “Арамтамақтар, еңбектерің әлі сіңген жоқ” деп ішкізбейді екен”, – дейді Жанерке. 

Балалардың тағы бір нағашы әпкесі Аиданың айтуынша, өгей әке балаларды шын шығару мақсатымен сабайды екен. 

“Намаздан әрқайсысының жынын шығарады екен. Сендерде жын қаптап кеткен деп сабайды екен. Шыңғыртады екен қолына салып, қабырғаның, өкпенің астына тығып. Аналары барлығын көріп тұрып, үндемейді екен. Қазір де күйеуін жақтап отыр”, – дейді Аида. 

Балалардың әпкелерінің айтуынша, балалар бұған дейін 10-15 рет үйден қашып кеткен көрінеді. Барар жері жоқ балалар әр қашқан сайын ауылдағы мешітті паналапты. Барлық кезде өгей әке балаларды мешіттен тауып алып жүріпті. Әйелдер осының барлығын көріп-біліп, .ндемей отырған мешіт имамының әрекетіне де наразы.


"Күндіз мал бағып, түнде намаз оқуға мәжбүрлеген": Жамбыл облысында құлдықта болған балаларға қатысты тың деректер пайда болды

Жамбыл облысында балаларды құлдықта ұстаған ер адамның жасөспірім әйелі бар деген ақпарат тарады – Полиция пікірі


Ал балалардың анасы Назерке барлығын жоққа шығарып, ұлдарының өтірік айтып отырғанын айтады. 

“Егер бес жылдан бері қорлық көрсе балалар неге сол кезде қашып кетпейді. Видеодағының барлығы ойдан шығарылған жалған”, – дейді әйел. 

Әйел журналистің “балаларға мәжбүрлеп намаз оқытады екен, қалғып кетсе қамшымен сабайтыны рас па” деген сұрағына да күйеуіне шаң жуытпай жауап береді. 

“Өгей әкелері намаз оқиды. Балалар да оқиды. Ол жақта балалар намаз оқыған. Қамшымен жерді ұрып отырады, ұйықтап кеткен кезде. Көздерін ашсын деп. Егер күйеуім істі болып сотталып кетсе, соңына дейін барып шы,арып аламын мен. Бала да, күйеу де қымбат маған”, – дейді балалардың анасы.

Журналист әйелге өгей әкенің балаларына жіберген аудио жазбасын тыңдатады. Аудио жазбада ер адам балаларды малдың шашырап кеткені үшін балағаттап, жерден алып жерге салады. Әйел бұл жағдайға балалардың өздері кінәлі екенін, күйеуінің әрекетінде әбестік жоқ екенін айтады. 

“Мен қазір сізге түсіндерейін, бұл бала телефонына қоңыру шалса алмайды, қоңырауды қайтарып тастай береді, біресе өшіріп тастайды”, – дейді әйел. 

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында өгей әке балаларды құлдықта ұстап, мал баққызғаны туралы жазған едік. Кейінірек полиция күдікті өгей әкенің ұсталғанын мәлімдеді.

STAN.KZ
Жұма, 15 Тамыз, 2025 22:17
Талқылау