Ауғанстанда хиджабты дұрыс кимегені үшін әйелдерді жаппай қамап жатыр

19 шілдеде Ауғанстан астанасы Кабулдағы Даште-и-Барчи ауданында "хиджабты дұрыс кимегені" үшін 100-ден астам әйел ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі KabulNow порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Деректерде қыз-келіншектерді мейрамханалардан, сауда орталықтарынан және көшелерден алып кеткені айтылған.
“Олардың кейбірі әлі күнге дейін отбасымен байланысқа шықпаған. Қайда жеткізілгені әзірге белгісіз”, – делінген хабарламада.
-
Ирандық ер адам қызын жұмысы үшін жұрттың көзінше пышақтап өлтірген
-
"Фанатизм деген осы": Өзіне көмектеспек болған азаматтан қашқан орамалдағы қыз желіде сынға қалды
Бұл іске 2021 жылы тәліптер билікке келгеннен кейін қайта құрылған "Ізгілікке үндеу және жамандықтан тыю министрлігі" бастамашы болды. Министрлік әйелдерге қатаң киім үлгісін енгізіп, 2024 жылы олардың беті мен денесін қоғамдық орындарда жабуды міндеттейтін заң қабылдады.
Алматы облысында кәсіпкер қараусыз қалған ғимаратты қалпына келтірген, алайда әкімдік оны тартып алған
Кәсіпкер: "Ақша, денсаулық пен 5 жыл уақытымды сарп еттім"
"Оқушылар аттестатпен қатар, кәсіп алып шығады": Қазақстандық жігіт Таиландтағы мемлекеттік мектепте ағылшын тілінен сабақ береді
Рахат: "Таиланда дүниеге келіп, Қазақстанда болып көрмеген қыздарым менімен қазақша сөйлеседі"