Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында қабаған иттер талаған баланың анасы ит иесін сотқа бермек

Максим - ит талаған балаФото: Екатерина Бурмистрованың жеке архивінен

Алматы облысында ит талаған 10 жастағы баланың анасы қабаған иттердің иесін сотқа бермек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NewTimes.kz агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баланың анасы Екатерина Бурмистрова иттердің иесі жауапкершіліктен жалтаруға тырысып, өтемақы мен моральдық шығын төлеуден бас тартып отырғанын мәлімдеді.

Отбасы жақын арада сотқа жүгінбек. Қазір талап-арызға қажет құжаттар әзірленіп жатыр екен.

"Онымен сөйлескім келмейді, бәрі сот және адвокаттар арқылы болады. Сол күні ол маған келіп, көмектесемін дегендей болды, бірақ кейін біздің құтқарушымыздың үстінен арыз жазып кеткен. Қазір ол менімен әйелі арқылы сөйлеспекші, бірақ мен жауап беріп жатқан жоқпын", – дейді Екатерина.

Анасының айтуынша, қазір Максимнің жағдайы тұрақты ауыр, ол әлі жансақтау бөлімінде жатыр.

"Дәрігерлер әзірге ештеңе айтпай отыр. Арасында есін жияды, бірақ қайтадан ауырғанын сезбеуі үшін ұйқы күйіне (наркоз) түсіреді. Құлағы жоқ, қалпына келтіруге бола ма, білмейміз. Әзірге күту керек екенін айтты", – дейді Екатерина.

Бүгін желіде оқиға орнынан бейнебақылау камерасына жазылып қалған видео тарады. Видеодан әрлі-берлі жүгіріп жүрген балаларды ғана көруге болады. Иттердің балаға шабуыл жасаған сәті көрсетілмеген.

 

Еске салсақ, 30 маусымда Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Ұмтыл ауылдық округінде ойнап жүрген 10 жастағы баланы екі қабаған ит талап, ауыр жарақаттады. Құтқарушылар жеткенше иттер баланың сан етін, құлағын жұлып алған. Қасындағы балалардың жанұшыра айғайынан кейін көмекке келген 65 жастағы такси жүргізушісі бәкісімен иттерге қарсы шабуылдап, оның өмірін аман алып қалды.

STAN.KZ
Жұма, 04 Шілде, 2025 15:01
Талқылау