Қазақстанда қоғамдық орындарда бейәдеп сөз айтқан балалардың ата-анасына 700 мың теңгеден аса айыппұл салынады
Фото: pixabay.com
Қазақстанда қорлау сөздер айтып, боқтап, бұзақылық жасағандарға жауапкершілік күшейтілді. Мұндай әдепсіздікті кәмелетке толмағандар жасаса ата-аналары жазаланады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабына сәйкес, адамның ар-намысына тіл тигізу мен қорлау – қылмыстық теріс қылық болып саналады. Ауызша, жазбаша немесе интернет арқылы айтылса да жауапкершілікке тартылады. Мұндай әрекет үшін мынадай жаза қарастырылған:
– 100 АЕК-ке дейін айыппұл (2025 жылы бұл 393 200 теңге);
– не түзеу жұмыстары;
– не 120 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар.
Егер қоғамдық жерде боқтау фактілері болса, бұл ұсақ бұзақылық болып саналады (ҚР ӘҚБтК 434-бабы):
– 20 АЕК айыппұл (78 640 теңге);
– немесе 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау;
– жыл ішінде қайталанса – 30 тәулікке дейін қамауға алу.
Егер бейәдеп сөз айтып, бұзақылық жасаған жан кәмелетке толмаған болса, жауапкершілік ата-анасына жүктеледі. Бұл баланың жасына байланысты:
– 14–16 жас аралығы – ата-анасына 7 АЕК (27 524 теңге) айыппұл салынады (ҚР ӘҚБтК 435-бабы);
– 16–18 жас аралығы – жасөспірімнің өзіне жаза тағайындалады. Егер табысы болмаса, айыппұлды ата-анасы төлейді (10 АЕК-ке дейін — 39 320 теңге, ҚР ӘҚБтК 66-бабы);
– 12 жасқа дейінгі балалар – ата-анасы тәрбиесі үшін жауап береді (ҚР ӘҚБтК 127-бабы), айыппұл — 10–15 АЕК (39 320 – 58 980 теңгеге дейін).
Интернет арқылы боқтап, қорлағандар да жазаланады. Әлеуметтік желілердегі буллинг пен дөрекілік үшін айыппұл 200 АЕК-ке дейін (786 400 теңге) жетуі мүмкін.
Полиция әр жағдайды жеке қарайды. Дәлел ретінде куәгерлердің өтініштері, видео немесе аудио жазбалар, сараптама қорытындылары (мысалы, жазбаша немесе интернеттегі қорлау болса) пайдаланылады.
Енді көшеде айтылған жалғыз бейәдеп сөздің өзі бүкіл отбасы үшін айыппұлмен аяқталуы мүмкін.

"Аузымыз ашылып қалды": Қазақстандық компания өзінің 110 қызметкеріне Вьетнамға жолдама сыйлап, көпшілікті тәнті етті
