Алматы электр станциялары монополиялық әрекеті үшін 4,5 миллиард теңгедей айыппұл арқалады
Фото: Pixabay.com
“Алматы электр станциялары” өз монополиялық жағдайын пайдаланып, кәсіпкерлерге қажетсіз қосымша қызметті мәжбүрлі түрде ұсынғаны үшін жауапкершілік арқалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті "Алматы электр станцияларына" қатысты үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша тергеу жүргізді.
“Индустриялық аймақ Алматы қаласында басым салаларды дамыту және жеке кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдау көрсету мақсатында құрылған. Қазір оның аумағында 118 кәсіпкерлік субъектісі тіркелген, ал инвестициялар көлемі 400 миллиард теңгеден асады. Энергия ресурстарын тарту мен тұтынуға кететін шығындарды азайту үшін мемлекет тарапынан ЖЭС-2 желілеріне тікелей қосылған электр желілері жүргізілген”, – делінген хабарламада.
Қазақстанда енді үй жайларды күтіп-баптау мен коммуналдық қызметтер құны АЕК-ке байланысты өседі
“Алматы электр станциялары” индустриялық аймақ аумағында қалалық электр желілері болмағанына қарамастан, электр энергиясын жеткізетін қызметті өзімен байланысты басқа компания арқылы мәжбүрлі түрде қосты. Яғни энергияны тек қосымша қызметпен бірге алуға міндеттеді. Бұл заңсыз әрекет, өйткені ол бәсекелестікке кедергі келтіреді.
Тергеу нәтижесінде Алматы электр станцияларына қатысты Әкімшілік 159-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қозғалды.
Сот шешімімен компания 4,4 миллиард теңге әкімшілік айыппұл салу түрінде жауапкершілікке тартылды. Қазір соттың қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Алматыда 2025 жылғы 12 мамырдан бастап электр энергиясыүшін төлемді кешіктірген тұрғындарға жарық беру кезең-кезеңімен шектеледі. Бұл шаралар күн сайын сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін тек қарызы бар тұтынушыларға қолданылады және толық төлем жасалғанша жалғасады. Қазір қаладағы жалпы қарыз көлемі 1,2 миллиард теңгеге жеткен. Тұтынушыларға қарыздарын тексеріп, “Тұрғын үй қатынасына” немесе 356-99-99 нөміріне хабарласу ұсынылады.

"Түрің түрмеден шыққан адам сияқты": Қоғамдық көлікте ер адамның қазақстандық арудың сырт келбетіне тиіскені желідегілердің ашуын туғызды (видео)
