Жаңа деңгейдегі премиум банкинг: Visa Concierge енді My RBK қосымшасында
Bank RBK өзінің мобильді қосымшасына 17 елдің, соның ішінде ТМД мен Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінің арасында алғаш болып Visa Concierge қызметін енгізді. Енді көпфункционалды жеке көмекші My RBK қосымшасының пайдаланушыларына тәулік бойы, аптасына 7 күн қолжетімді болады.
Visa Concierge қызметін My RBK қосымшасына енгізу – бұл цифрлық премиум-банкинг экожүйесін құру жолындағы тағы бір қадам. Бұл экожүйе арқылы клиенттер тек қаржылық қызметтер ғана емес, сонымен қатар жоғары деңгейдегі жеке лайфстайл-сервисті де пайдалана алады.
"ТМД мен Оңтүстік-Шығыс Еуропа өңірінде мұндай эксклюзивті әрі инновациялық сервистерді, соның ішінде Visa Concierge-ді мобильді қосымшаға енгізген алғашқы банк болғанымызды мақтан тұтамыз. Бұл жоба Bank RBK-ның жоғары технологиялы банкингті дамытуда жаңа кезең бастағанын көрсетеді. Клиент бір ғана қосымшадан жайлылық пен қамқорлықты сезініп, премиум деңгейдегі сервисті бірден ала алады", – деді Bank RBK басқарма төрағасының орынбасары Алия Есмуканова.
Bank RBK Visa компаниясымен ұзақ жылдан бері серіктесе жұмыс істеп келеді және олардың бірлескен табысты жобалары бірнеше рет жоғары бағаланды.
"Енді Visa премиум карталарының иелері Visa Concierge қызметін My RBK мобильді қосымшасы арқылы пайдалана алады. Бұл – цифрлық банкингті дамытудағы маңызды қадам. Ол клиенттерге кез келген уақытта және кез келген жерде премиум сервисті алуға мүмкіндік береді. Біз бұл шешім аймақтағы қызмет көрсету сапасына жаңа стандарт болады деп сенеміз", – деді Visa компаниясының Орталық Азия бойынша вице-президенті және аймақтық менеджері Санжар Сулейманов.
My RBK қосымшасындағы сервисті пайдалану үшін "Premium" бөліміне кіріп, жеке қызмет көрсететін көмекші чатына өту жеткілікті.
Visa Concierge қызметі премиум карта иелері үшін таптырмас көмекші ретінде бұрыннан танымал. Оның көмегімен тәулік бойы мекемелердің байланыс нөмірлері мен жұмыс уақыты жайлы ақпарат алуға, әуе, пойыз және автобус рейстерінің кестесін білуге, алдағы іс-шаралар, фестивальдер, көрмелер, спорттық жарыстар туралы ақпарат алуға болады.
Одан бөлек, консьерж-сервис мамандары қажет тауарды немесе қызметті табуға көмектеседі. Мейрамханадан үстел брондау, тамақ, гүл немесе дәрі-дәрмекке тапсырыс беруге, туған күндер, кездесулер, дәрігерге жазылу сияқты маңызды жайттарды еске салуға, іскерлік сапарды немесе демалысты ұйымдастыруға, тұрғын үй мен көлік жалдауға, жоғалған багажды іздеуге жәрдемдеседі.
ҚНРДА тарапынан 2021 жылғы 5 сәуірде берілген № 1.2.100/245/41 лицензиясы

"Ер актерлерге әйелдерге қарағанда көбірек төлейді": Отандық кино жұлдыздарының гонорары қанша
