Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Кісі өлтірушілерді бұзақыға айналды": Өтебеков Шерзат ісі бойынша Айтбек Амангелді мен оның адвокаттарын сынға алды

Белгілі қазақстандық заңгер Жохар Өтебеков Шерзат Полатты өлтіру ісі бойынша сотталғандарға бастапқыда ауырлау бап тағылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тергеудің бастапқы кезеңдерінде марқұм Шерзаттың әкесі – Қаржаубай Нұрымовтың мүддесін қоғам белсендісі Айтбек Амангелді тартқан адвокаттар қорғады. Олардың қатарында Асылбек Абдраимов, Ерлан Адаев, Саида Тәукелова, Карина Көшербаева және Марал Жайлаубаева болды. Алайда кейін марқұмның отбасы мен бұл қорғаушылар арасында келіспеушілік туындап, Қаржаубай Нұрымов сенімхаттарын қайтарып алып, Айтбектің командасымен әріптестікті тоқтатты.

Адвокаттар тобы кейіннен қоғамдық сынға ұшырады. Көпшілік олардың әрекеті салдарынан кейбір сотталғандар ауыр жаза алудан құтылып кетті деген пікір айтты. Іс бойынша тоғыз фигуранттың жетеуі — топтық адам өлтіру белгілері байқалған қылмысқа қарамастан — тек "бұзақылық" бабы бойынша сотталған.

Қоғамдық қысымнан кейін Айтбек Амангелді өз адвокаттарымен бірге журналист Назымгүл Құмыспаеваға сұхбат берді. Бұл жазбаны көргеннен кейін заңгер Жохар Өтебеков тергеу амалдары кезінде істің "шикілігі" кеткен деген қорытындыға келді.


"Онда сенің атқаның туралы ақпарат жоқ қой" дейді: Шерзат Полаттың адвокаты сотта таңғалдырған деректерге тоқталды


“Айтбек келгенге дейін Шерзатқа шабуыл жасағандардың барлығы топтық кісі өлтіруші ретінде танылды. Ал Айтбек келгеннен кейін олар “бұзақы” болып шықты. Сол сәтте “Хутор” жеңіске жетті. Бұл туралы Қаржаубайға хабарланбады, себебі екі ай бойы “оны таба алмаған”. Мен сот басталған алғашқы күннен-ақ істің тергеу кезеңінде құрдымға кеткенін түсіндім. Енді кімнің, қай мүдде үшін әрекет еткенін де білемін…”— деп жазды Жохар Өтебеков.

Айта кетсек, бұған дейін Айтбек Амангелді Шерзат Полаттың отбасымен арада ешқандай дау-дамай болмағанын айтқан еді.

STAN.KZ
Жексенбі, 15 Маусым, 2025 15:40
Талқылау