"Біздің елімізді құтқарып қалдыңыздар": Словакия премьер-министрі Қазақстанға алғыс айтты

11 маусымда Словакияның премьер-министрі Роберт Фицо Астанаға ресми сапармен келді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оны қарсы алып, келіссөздер жүргізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Роберт Фицо ел президентіне өзін және словакиялық делегацияны жылы қарсы алғаны үшін алғыс білдірді. Сондай-ақ ол Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақстандық жауынгерлерге, оның ішінде Словакияны азат ету жолында күрескен әскерлерге жылы лебізін жеткізді.
"1944-1945 жылдары Словакияны азат етуге қосқан баға жетпес үлесі үшін Қазақстанға шын жүректен алғыс айтамын. Сіздің елден миллионға жуық жауынгер Кеңес әскері қатарында шайқасты. Словакияны азат ету үшін 60 мыңға жуық кеңес жауынгері жанын қиды. Біз қиын-қыстау кезеңде Словакия үшін жасалған ерлікке шексіз ризамыз. Еуропалық одақтағы әріптестерімді үнемі тек ішкі мәселелермен шектеліп қалмай, әлемге кеңірек көз тастауға, басқа елдердің тәжірибесі мен жетістіктерін зерттеуге шақырамын. Біз әлемдегі серіктестермен ынтымақтастықты нығайтып, белсендірек әрекет етуге тиіспіз", – деді премьер-министр.
Сондай-ақ Роберт Фицо Қазақстан мен Словакия арасында саяси қайшылықтар жоқ екенін айтты.
“Екі тарап үшін маңызды және қызық бірнеше жобаларды" талқылаймыз. Сапар нәтижелері өте сәтті болатынына сенімдімін", – деді Словакия басшысы.
Келіссөздерден кейін Тоқаев пен Фицо журналистерге сұхбат берді.
"Қазақстан екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі кеңейтуге тырысып жатыр. Өзара тауар айналымының көлемін арттыру мәселелері талқыланды. Біз инвестициялық ынтымақтастықты тереңдетуге үлкен мән береміз. Бұл тұрғыда үкіметаралық комиссия маңызды рөл атқарады. Оның тең төрағаларының деңгейін министрлер деңгейіне көтеруді ұсындым”, – деді Тоқаев.
Сондай-ақ президент Қазақстан Словакияға мұнай, газ, уран, азық-түлік және басқа да тауарларды экспорттауға дайын екенін жеткізді.
“Сондай-ақ энергетика, машина жасау, ауыл шаруашылығы, цифрландыру және туризм салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективаларын көріп отырмыз. Әскери-техникалық саладағы ынтымақтастық үшін айтарлықтай әлеует бар. Мен словакиялық серіктестерді екіжақты сауда үшін жаңа көкжиектер ашатын жобаға қатысуға шақырамын", – деді Тоқаев.
Айта кетейік, бұған дейін Қастандық жасалған Словакия премьер-министрінің жағдайы белгілі болғаны туралы жазған едік.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды