Коммуналдық тариф қымбаттап барады: Банк қызметтері қалтаға түсетін салмақты қалай жеңілдетеді?
Бағалар күн санап шарықтап келеді, мұның отбасылық бюджетке әсері тиетіні анық. Қазақстанда жылдық инфляция жеделдеді: 2025 жылғы мамырда ол 11,3%-ды (сәуірде 10,7%-ды) құрады. Әрине, бәрі бірдей емес. Мәселен, ақылы қызметтер бір жылда бірден 16%-ға (сәуірде 15,7%-ға), азық-түлік тауарлары 9,6%-ға (сәуірде 8,5%-ға), азық-түлік емес тауарлар 9%-ға (сәуірде 8,9%-ға) қымбаттады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Ranking.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Ел тұрғындарының тауарлар мен қызметтерді сатып алу бағасы мен көлемінің өсуін ескергенде, инфляцияның жылдық деңгейіне ең көп үлес қосқан — тамақ өнімдері мен алкогольсіз сусындар (3,8 пайыздық тармақ) және тұрғын үй қызметтері (1,8 п. т.). Бәрінен де ең соңғысының бағасы шарықтады. Мәселен, өткен жылдың мамырымен салыстырғанда:
– суық су тарифтері 97,6%-ға,
– су бұру 25,1%-ға,
– орталықтан жылыту 19,2%-ға,
– тарату желілері арқылы тасымалданатын газ 15%-ға,
– ыстық су 14,5%-ға,
– электр энергиясы 11,2%-ға,
– тұрғын үйді күтіп ұстау 10,7%-ға қымбаттады.
Коммуналдық қызметтің қымбатшылығын ескеріп, қазақстандықтармен қалтаға түсетін салмақты жеңілдету жолымен бөлісеміз: Қазақстан банктерінің ұсыныстарына мониторинг жүргізіп, бағаның шарықтап тұрған кезінде қандай да бір жеңілдік алу үшін коммуналдық және басқа да қызметтерді қай жерде төлеген тиімдірек екенін анықтадық.
Бүгінде (және жыл соңына дейін) коммуналдық қызметті ForteBank-тің карталарымен төлеген әлдеқайда тиімді: "Төлемдер" бөлімінде берілген "Коммуналдық қызметтер" және "Телефон, Интернет және ТВ" санаттары бойынша төлем жасағаны үшін 10% мөлшерінде бонус ала аласыз. Барлық өңірлер бойынша түбіртектерді, лифт, күзет агенттіктерінің ақысын және т. б. төлемдерді жасауға болады. Тұрғын үй мен коммуналдық қызметтердің 15,7%-ға қымбаттағанын ескерсек, қазақстандықтар үшін он пайыздық кешбэк/бонус түріндегі өтемақы едәуір жеңілдік болып саналады.
ForteBank кешбэк/бонустар бойынша, әсіресе, коммуналдық төлемдер үшін берілетін бонустар бойынша елеулі алшақтықпен көш бастап тұр. Ал басқа ірі банктерде бонустар едәуір қарапайым (айталық, Банк ЦентрКредитте 1% немесе Halyk Bank-те 0,5%) немесе арнайы бір шарттарды ұсынады.
Мысалы, Bereke Bank ұсынатын кешбэк 1%-ды құрайды, бірақ клиенттің депозитте қомақты қаражаты болса, кешбэктің мөлшері көбеюі мүмкін.
Freedom Bank-те де кешбэк 1%-дан басталады және одан жоғары болады (шоттардағы орташа айлық қалдыққа байланысты), бірақ бонустық бағдарламаның өзі теңгемен емес, қор нарығында холдингтің акцияларына байланған Freedom инвестициялық валютасымен жұмыс істейді.
Bank RBK-да 2% мөлшерінде кешбэк алуға болады. Бірақ ол банктің SARQYT бонустық бағдарламасына қатысқан кезде ғана және картада белгілі бір қалдық болған жағдайда (75 мың теңгеден басталады және одан да көп) беріледі. Әйтпесе, бонустар берілмейді.
Кейбір ірі банктер коммуналдық қызметтер ақысын төлегені үшін бонустарды мүлдем есептемейді. Толығырақ ақпараттық кестеде берілген.

"Күйеуім бала көтертпеу үшін вазэктомия жасатты": Екі баласымен корей азаматына күйеуге шыққан әйелдің өмірі қалай өзгерді
