Жамбыл облысында 10 жасар қызды өлтірді деп күдікке ілінген азаматтың асырауындағы балалар мемлекет қарамағына алынды
Фото: pixabay.com
Жамбыл облысында адам өлтірді деген күдікке ілінген отбасыдан төрт асыранды баланы мемлекет қарамағына алу шешімі қабылданды. Балаларды асыраған және қылмысқа қатысты күдікке ілінген азамат әскери қызметкер болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жамбыл облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Даурен Бақжановтың айтуынша, күдіктіні сол күні кешке аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қамауға алған.
“Отбасының қамқорлығында бірнеше бала бар. Оларға қатысты балаларды отбасынан алу туралы шұғыл шешім қабылданды. Қазір олар мемлекеттік мекемеде мемлекеттің қорғауында”, – деді ол.
Сонымен қатар уәкіл бұл іске қатысты қосымша ақпаратты әскери тергеу басқармасы ғана ұсына алатынын айтты. Өйткені күдікті – әскери қызметкер екен.
Еске салсақ, Жамбыл облысында ер адам асырап алған қызын өлтірді деген күдікке ілінгені туралы хабарлаған едік.
Талқылау

Қазақстан қалаларында қоғамдық көлікпен жүру құны қанша
Талдықорғанда оқушылар мен студенттерге, сонымен қатар зейнеткерлерге жолақы тегін

"Жалғыз өзі шетелге барып келген қызға жоламаңдар": Әлеуметтік желідегі пікірлер қазақстандық арулардың наразылығын тудырды
Жігіттер: "Ол жақта не істеп келгендерін өздерінен басқа ешкім білмейді"