Ақмола облысында құрылыс бөлімі су тасқынынан кейін баспана салынуға бөлінген 300 миллион теңгені жымқырған
Ақмола облысында су тасқыны кезінде тұрғындарды жаңа баспанаға көшіру үшін бөлінген ақшаны жымқырғандар сотталды. Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі осылайша 300 миллион теңгеден аса қаражатты ұрлаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сот 300 миллион теңгеден астам қаражатты жымқырғаны үшін Атбасар ауданының әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, "Престиж Строй 7" және "Фундаменталь" ЖШС-нің басшыларына қатысты үкім шығарды.
Аталған қаражат 2021 жылы үкімет резервінен Атбасар ауданында су тасқыны аймағында тұратын 200 жанұяны көшіру үшін екі 100 пәтерлі үйлерді салуға бөлінген. Істі Ақмола облысының арнайы прокурорлары тергеген еді.
“Сот үкімімен жымқыруға қатысқан тұлғалар Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі (аса ірі көлемде жымқыру) и 218 бабы (қылмыстық жолмен алынған ақшаны және өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату) бойынша 8,6 және 7,6 жылға бас бостандықтарынан айыру және мүліктерін конфискациялау жазаларына тартылды”, – делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазақстандықтарға қай айларда шетелге саяхаттау арзан екені айтылды
