Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Солтүстік Қазақстанда жүкті мұғалім орыстарды қорлады деген айыппен сотталды

Фото: pixabay.com

СҚО Ғабит Мүсірепов ауданында ұлтаралық алауыздықты тудырды деген айыппен  35 жастағы мұғалім Жансыла Дархамбаева сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

2024 жылдың қаңтар айында ол әлеуметтік желіде орыс ұлтына қатысты дөрекі пікірлер айтып, оларды Қазақстанда болмауы керек деген мазмұнда үндеу жариялаған.

Сот материалдарында мынадай сөздері жазылған:

"Біз қаншама қиындықты бастан кешірдік, ашаршылық болды! Енді ғана аяққа тұрып, дұрыс өмір сүре бастадық. Ал сендер тұмсықтарыңды тығасыңдар, сасық орыстар. Сендерге бұл жерде орын жоқ. Шаршаттыңдар! Мені естіп отырған қазақтар, орыстарды оқытыңдар. Өйткені олар ақымақ, ештеңені түсінбейді!", – деген.

Сарапшылар бұл видеоүндеулерде ұлттық ар-намысты қорлау, бір ұлттың екіншісінен артық екенін көрсету, басқа ұлтты кемсіту белгілері бар деп тапты.

Сотта Дархамбаева кінәсін мойындап, өкінетінін айтты. Бірақ ол неге бұлай айтқанын түсіндірді. Айтуынша, қай жерде жұмыс істесе де, мемлекеттік тіл мен қазақтарға қысым көрсетілуімен жиі кездескен.



Сот үкімі бойынша, ол 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Жазасын ең төменгі қауіпсіздік деңгейіндегі колонияда өтейді. Алайда қазіргі таңда ол жүктіліктің соңғы айында, яғни босануына аз уақыт қалған.

Туыстары да, Дархамбаеваның өзі де үкіммен келіспейді. Апелляциялық шағым берілген.

STAN.KZ
Бейсенбі, 05 Маусым, 2025 17:32
Талқылау