8 жасар қыздың аяғын кесуге тура келген : Астанада автобус апатынан зардап шеккен жолаушылардың жағдайы белгілі болды
Фото: Желі кадрларынан скрин
Астанада автобуспен болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен адамдардың жағдайы белгілі болды. Апат салдарынан дәрігерлерге 8 жасар қыздың аяғын кесуге тура келген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 15 адам зардап шекті. Олардың үшеуі ауруханаға жатқызылып, ауыр жағдайда жатыр. Ал бір қыздың алған жарақаттарына байланысты аяқтарын кесуге тура келген.
"Ауруханаға жатқызылғандардың жағдайы — тұрақты ауыр және өте ауыр. Бір науқастың аяғының төменгі бөлігі ампутацияланды. Барлық зардап шеккендерге толық көлемде қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр", – деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.
Деректерге сай аяғын кесуге тура келген қыздың жасы 8-де.
Ал Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы 10 адам түрлі қалалық стационарларға жеткізілгенін мәлімдеді.
"Алған жарақаттарына сәйкес, зардап шеккендердің екеуі ұлттық жедел медициналық үйлестіру орталығына жіберілді. Оларға барлық қажет медициналық көмек көрсетіледі", – делінген хабарламада.
Деректерге сүйенсек, ауыр жағдайдағы зардап шеккендердің біріне шұғыл операция жасалынады.
-
Ақмола облысында дәрігер инсульт алған науқасқа улану диагнозын қойған
-
“Көлікті рұқсатсыз алған”: Алматы облысында жол апатынан үш мектеп оқушысы қаза тапты
Жедел жәрдем бригадалары жергілікті жерде жұмысын жалғастырып, көмек көрсетіп жатыр.
Еске салсақ, Астанада жолаушылар автобусы апатқа ұшыраған еді.

Павлодарда "Қауіпсіз қала" жобасын іске асыруға 8,6 млрд теңге жұмсалмақ, Қытай Deep Seek-ті жасауға одан үш есе аз жұмсады – Депутат
