Медеудегі сән-салтанат кортежі: Әкімдік өкілдері кортеждің Дархан Сатыбалдыға тиесілі екенін жоққа шығарды

Видеодан скрин
Әлеуметтік желіде Алматы тауларында полицейлердің сүйемелдеуімен бірнеше көліктің жүріп өткені түсірілген видео жарияланды. Жазбада көліктің ішінде жаңа әкім Дархан Сатыбалды болғаны айтылған. Алматы әкімдігі бейнежазбаға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видео желідегілердің ашуын туғызған. Алайда әкімдік өкілдері бұл көліктің ішінде Дархан Сатыбалдының болмағанын алға тартты.
"Әлеуметтік желілерде тараған, таулы аймақ жолдарымен қозғалған кортеж көліктерінің бірінде Алматы қаласының әкімі болды деген ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға шақырамыз. Сонымен қатар Алматы қаласының әкімі жұмыс сапарларымен жүрген кезде жол қозғалысына ешқандай шектеу қойылмайтынын еске саламыз", – делінген хабарламада.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді