Шерзат Полаттың отбасы сотталушылардан 600 миллион теңгеден аса моралдық өтемақы талап етті
Фото: Жоғары сот пен желі кадры
Шерзат Полаттың өліміне қатысты сот отырысында жәбірленуші тараптың адвокаттары айыпталушылардан талап етілетін моралдық өтемақының сомасын атады. Жаназа шығындары да бөлек айтылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Адвокат жәбірленушілерге қаншалықты моралдық шығын келгенін ешкімге түсіндіріп айтудың қажеті жоқ екенін алға тартты. Сондықтан бірден бағаны оқыды.
“Бірінші, Шынасыл Абзалдан Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына ұлының жерлеу рәсіміне кеткен шығын өтемі ретінде 2 миллион 794 мың теңге мөлшерінде соманы өндіруді сұраймыз. Екінші Шынасыл Абзал және Равиль Сәкеевтен ортақтастырып, үлестік нормада Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына қылмыстық құқық бұзушылықтың моралдық зиынының өтеуі ретінде 100 миллион теңге мөлшерінде өтемақы өндіруді, яғни екі адамға шаққанда (50 миллион теңге деп есептеп отырмыз) сұраймыз. Үшінші, Шынасыл Абзал мен Сәкиев Равиль ортақтасқан үлестік түрде Бишімбиева Гүлбара қылмыстық құқық бұзушылық келтірген моралдық зияынының өтуі ретінде 100 миллион теңге өтемақы өндіруді, төртінші Шынасыл Абзал және Сәкиев Равилден ортақтасқан үлестік нормада Жұмабике Қадырованың қылмыстық құқық бұзушылық келтірген моралдық зияынының өтуі ретінде 100 миллион теңге өтемақы өндіруді сұраймыз.
Содан кейін: Белғожаев Шыңғыс, Әскентай Дархан, Ілиясов Нұрқияс, Тоқтаубаев Азамат, Тоқтаубаева Нұрбол, Қалиахмет Дидар ортақтасқан үлестік түрде Қаржаубай Нұрымовтың пайдасына, әрқайсысынан 20 миллионан, жалпы сомасы 120 миллион теңге мөлшерінде;
Осы адамдар Бишімбиева Гүлбараға қылмыстық құқық бұзушылық келтірген моралдық зияынының өтуі ретінде әрқайсысынан 20 миллионнан, жалпы сомасы 120 миллион теңге мөлшерінде;
Осы адамдар Жұмабике Қадырованың қылмыстық құқық бұзушылық келтірген моралдық зияынының өтуі ретінде әрқайсысынан 20 миллионнан, жалпы сомасы 120 миллион теңге мөлшерінде өтемақы өндіруді сұрап отырмыз. Қосымша жерлеу рәсіміне кеткен шығындардың түбіртектері тіркелді. Сонымен қатар жаназаның шығыны психолог есептеулерімен жасалды”, – деп оқыды адвокат.
-
"Сот цирк емес": Шерзат Полат ісі бойынша адвокат белгісіз себептермен істен шеттетілгенін мәлімдеді
Еске салайық,2024 жылы 4 қазанға қараған түні Талғарда 16 жастағы Шерзат Полат қаза тапқан еді. Оның өлімі қоғамда үлкен наразылық тудырды. Марқұмның әкесі туыстарымен және жергілікті тұрғындармен бірге әділ тергеу жүргізуді талап етіп, наразылық ұйымдастырды. Бірнеше күннен кейін, 12 қазанға қараған түні Нұрымовтар отбасының үйі толығымен өртеніп кетті. Бас прокуратура өрттің қасақана жасалғанын мәлімдеді. Алайда үйді өртеген күдіктілер әлі күнге табылған жоқ.

"Қазақтың ашкөздігі - ашаршылықтан": Психолог ашаршылықтың қазақтарға қалай әсер еткенін айтты
