Қазақстанның үш қаласынан халық жаппай көшіп жатыр

Фото: pixabay.com/ Vladimir_Fayl
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, еліміздің үш қаласынан халық жаппай көшіп жатыр. Көпшілік Астана, Түркістан сияқты қалаларға көшіп барып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, кейінгі бір жылда Қонаев қаласының халқы 8,2 пайыз азайған. Бүгінде Алматы облысының орталығында 66 мыңға жетер жетпес адам бар. Дәл сол сияқты Семей жұрты 5,1 пайыз кемісе, Байқоңырдан көшкендер 3,6 пайыз болған.
Ал Астана маңындағы Қосшы қаласында керісінше, халық саны қарқынды өсіп келеді. Мәселен, мұнда бір жыл ішінде 62 мың адам көшіп келген. Екінші орында – Астана қаласы. Қазір елордада 1,55 миллион адам тұрады. Түркістан да осы тізімнің қатарында. Мұнда халықтың саны 240 мыңға жеткен.
Жаңа салық кодексі әлеуметтік кәсіпкерлерді жеңілдіктерден айырды – Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Шетелдіктерге қазақ тілі тесті қаншалықты қиын: ВНЖ-ны кімдер ала алады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі