Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Жамбыл облысында колледж студенті сабаққа қатыспағаны үшін анасы жазаланды

Фото: freepik.com

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында бір жыл ішінде қайталап жасалған кәмелетке толмағанды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша әкімшілік іс қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі облыстық сотқа сілтеме жасап хабарлайды.

Іс материалдарына сәйкес, азаматша С.-тың баласы 2-курс колледж студенті – кәмелетке толмаған Р. бірнеше рет жүйелі түрде, дәлелсіз себептермен сабақтан қалған. Студент 16 жасқа толмағандықтан, хаттама оның анасы анасына толтырылды.

"Мұндай оқиға бірінші рет болмаған және азаматша С. 2024 жылдың қараша айында Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің “Кәмелетке толмағандар жасаған немесе кәмелетке толмағандарға қатысты құқыққа қарсы іс-әрекеттер туралы хабарламау” бабы (127-баптың 2-бөлігі) бойынша баласының оқу орнында сабаққа қатыспағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 127-бабының 2-бөлігіне сәйкес жасалған құқық бұзушылық 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға не 5 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға әкеп соғады”, – делінген сот хабарламасында.

Сот қаулысымен азаматша С. кінәлі деп танылып, оған 15 АЕК мөлшерінде айыппұл тағайындалды, алайда жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, сот айыппұл сомасын 30%-ға төмендетіп, ол 41 мың теңге төлеуге міндеттелді.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

STAN.KZ
Жұма, 25 Сәуір, 2025 15:12
Талқылау