"Төрт жылда 200-ден астам медаль ұтып алды": Қазақстан гимнасшыларының жеңісінің сыры неде?
Қазақстан гимнастикасы – ұзақ кезеңді бастан өткерген әрі ұлттық брендке айналған спорт түрі. 1948 жылы Алматыда кішкентай секциядан басталған гимнастика бүгінде дамып, елдегі ең мықты спорт түрлерінің бірі атанды. Оған дүниежүзілік аренада өзін танытып, чемпион атанып, көптеген жүлде иеленіп жатқан қазақстандық гимнасшылар дәлел. Дегенмен спортшылар мұндай жетістікке тек ерен еңбегінің емес, үлкен қолдаудың да арқасында жетті. Мәселен, Halyk Bank 14 жылдан бері гимнасшыларды қолдап, Қазақстандағы гимнастиканың дамуына үлес қосып келеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Қазақстан гимнастика федерациясы
77 жылда Қазақстан гимнасшылары қандай жетістікке жетті?
77 жылда Қазақстан гимнасшылары көп жетістікке жетті. Мысалы, 2025 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандық гимнасшылар 14 медаль ұтып алды. Милад Карими, Нариман Құрбанов, Зейнолла Ыдырысов сияқты спортшылар Германияның Котбус қаласында және Түркияның Анталья қаласында өткен Әлем кубогында алтын, күміс және қола иеленді. Ал Грецияда өткен Aphrodite Cup-та көркем гимнасшылар 9 алтын, 5 күміс, 1 қолда ұтып алды. Әсіресе, Эрика Жайлауова, Айым Мейіржанова, Ақмарал Ерекешева, Айғаным Рысбек ерекше көзге түсті.
Сонымен қатар жақында Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өткен Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті. Осылайша ол осы жарыстағы екінші медалін қанжығасына байлады. Бұған дейін Милад Карими еркін жаттығуларда үшінші орын иеленген еді. Қазақстан бұл жарыста жалпы 3 медаль жеңіп алды: Нариман Құрбанов атпен жаттығуда қола медаль еншіледі.
Ал 2021–2024 жылдар аралығында қазақстандық спортшылар спорттықтан бастап аэробикаға дейінгі барлық гимнастика түрлерінен жалпы 204 медаль жеңіп алды. Оның 73-і – алтын, 72-сі – күміс және 59-ы – қола.
Қазақстанның гимнастика федерациясының бас хатшысы Раббани Әшімбековтің айтуынша, мұның бәрі – спортшылардың, жаттықтырушылардың, менеджмент пен демеушілердің үйлесімді жұмысының нәтижесі. Ол, әсіресе, негізгі демеушілері Halyk Bank-тың арқасында Қазақстанның гимнастика федерациясы кәсіби жабдықтарды сатып алып, жайлы залдарды жалға алып, іс-сапарлардың шығынын төлеп жүргендерін айтты.
“Halyk Bank қолдамаса, біз көп халықаралық жарыстарға дайындалып, қатыса алмайтын едік. Банк іссапар, киім-кешек пен жабдықтар сияқты барлық негізгі шығынымызды өтеп беріп жатыр. Олар біздің жай ғана демеушіміз емес, олар – біздің командамыздың бір бөлігі", – дейді Раббани Ашимбеков.
Халықаралық гимнастика федерациясының талабы бойынша, әр мемлекет жарысқа өзінің төрешісін апаруы керек. Оның барлық шығынын да сол мемлекеттің өзі немесе федерациясы төлеуге міндетті. Ал Қазақстанның гимнастика федерациясының бұл шығынын да банк өз мойнына алған.
Фото: Қазақстан гимнастика федерациясы
Олимпиада жүлдегері Нариман Құрбанов пен Әлем чемпионы Милад Карими
Жаттығу мен қолдаудың арқасында Қазақстан спортшылары көп нәтиже көрсетті. Соның бірі – Нариман Құрбанов. Ол Қазақстанның тәуелсіздік тарихындағы алғашқы Олимпиада жүлдесін жеңіп алды. Бүгінде Нариман Құрбанов — ұлттық құраманың көшбасшысы, жас спортшыларға үлгі.
Нариман бала кезінен спортпен айналысады. Оның басты бапкері – әкесі. Әкесі екеуі талмай дайындалып, сынақтардан өтіп, жарысқа қатысып, жеңіске жетті. Спортзалда өскен Нариман Құрбановтың айтуынша, 2024 жылы Парижде өткен Олимпиадада жеңген күміс медалі — өзінің ғана емес, жаттықтырушылардың, отбасының және бүкіл команданың көпжылдық еңбегінің жемісі. Бұл оқиға — Қазақстан гимнастикасы үшін тарихи кезең.
Қазақстан спорты тарихынан ойып тұрып орын алған гимнасшылардың бірі – Милад Карими. Ол 2018 жылы Мельбурнда өткен Әлем кубогына қатысып, ерекше өнер көрсетіп, финалға өтеді. Дегенмен біліктілікті тексерудің екінші күнінде күтпеген жерден жарақаттанады. Дәрігерлер оны бірден ауруханаға апарды. Бірақ спортшының білегі үш жерден сынған болып шықты. Оған ота жасалып, 13 бұранда мен пластина қойылды.
Фото: Қазақстан гимнастика федерациясы
“Дайындығым жаман емес еді, комбинацияны да сенімді бастадым. Бірақ бір сәтте қолым тіректен тайып кетіп, жерге қалай құлап кеткенімді түсінбей қалдым. Наркоздан есімді жиған соң, ең әуелі “енді жаттыға аламын ба?” деп ойладым. Дәрігер ол үшін кем дегенде бір жыл керек екенін айтты”, – дейді спортшы.
Өмірін гимнастикасыз елестете алмайтын Милад Каримиге мұндай хабарды есту оңайға соқпады. Десе де спортшы берілмей, қарқынды түрде оңалту емін қабылдады. Сөйтіп үш айдан кейін Қазақстан чемпионатында өнер көрсетіп, екінші орынға ие болды. Тағы екі айдан кейін ол Азия ойындарының финалына дейін жетті. Бапкерлер де спортшының спорттағы мансабы үшін қатты алаңдаған еді. Бірақ Милад Карими қайта күш, тәжірибе жинап, спортқа оралды. Осылайша ол жас спортшыларға үлгі болған әрі Қазақстанға халықаралық марапаттарды әкелген кәсіби спортшы атанды.
Нариман Құрбанов пен Милад Каримидің артынан да мықты гимнасшылар өсіп келеді. Мәселен, Нұртан Ыдырысов – жастар арасындағы екі дүркін әлем чемпионы. Сонымен қатар Роман Хегай мен Зейнолла Ыдырысов та бар. Федерация жаттықтырушыларының айтуынша, олар қазірдің өзінде ересек спортшылармен бәсекелесуге дайын.
Сонымен қатар Қазақстанда гимнастика саласының дамып жатқаны соншалық, жеңіске жетіп жатқан гимнасшыларды көріп, осы спорт түріне балаларын қатыстырып жатқан ата-аналар да көбейген.
Halyk Bank қалай команданың бір бөлігіне айналды?
2011 жылы Қазақстанның гимнастика федерациясы ресурсқа, көмекке мұқтаж еді. Дәл сол кезде Halyk Bank қаражат бөліп, федерацияға қолдау білдіретінін жеткізді. Міне, сол жылдан бастап банк федерацияға тұрақты түрде көмектесіп, ұзақмерзімді жобаларды іске асыруға мүмкіндік беріп жатыр.
2011-2021 жылдар аралығында федерацияны Halyk Bank басқарма төрағасы Үміт Шаяхметова басқарды. Дәл осы кезең алғашқы халықаралық жетістіктермен ерекшеленді. Бүгінде федерацияның жаңа құрамымен және Бас хатшы Раббани Әшімбековтің басшылығымен бірлесіп жұмыс істеп, серіктестігін жалғастырып жатыр. Бас хатшы Раббани Әшімбековтің сөзінше, Halyk Bank қолдауы – маркетинг әрекеті ғана емес, стратегиялық серіктестік.
Фото: Қазақстан гимнастика федерациясы
“Біз бірге чемпиондарды өсіріп жатырмыз, бірге іссапарды жоспарлаймыз, инвентарьді сатып аламыз, болашақ кадрларды дайындаймыз. Бүгінде банк тек қаржылай серіктес емес, көптеген спорттық жеңістердің авторларының бірі. Оның қосқан үлесін теңгемен өлшеу қиын. Оның жемісін медальдардан, спорт мәдениетін және балалардың арманынан көре аламыз”, – деді Федерацияның бас хатшысы.
Олардың сөзінше, Қазақстандағы гимнастика – тек спорт емес, ұлттық рухтың бөлігі. Қазақстандық гимнасшылар әр турнирде өз қабілетін әлемге көрсетуге дайын. Ал федерация мен олардың серіктестері елдегі бұл спортты дамыту үшін және әр баланы шабыттандыру үшін қолдауды жалғастырмақ.