Кадрлардан бала алаңда ойнап жүріп, биіктіктен құлап кеткенін, кейін орнынан тұра алмай жатқанын көруге болады. Куәгердің айтуынша, оқиға 8 сәуір күні болған.
Аудан тұрғындары оқиғаға балалар алаңындағы қауіпсіздік мәселеселерінің қарастырылмағаны себеп болғанын айтады. Ата-аналар жергілікті билікті ойын алаңының қауіпсіздігіне назар аударуға шақырды.
Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазір бала ауруханадан шығарылып, үйіне жіберілген.