Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Денсаулық сақтау министрлігі кенелер шығатын маусымға байланысты қазақстандықтарға ескерту жасады

Денсаулық сақтау министрлігі көктемгі мезгілде шыға бастайтын кененің қаупі мен сақтану жолдарын ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Министрліктің мәліметінше, кененің шағуы аса қатты ауруларды тасымалдамайды. Көп жағдайда олардың шаққаны зиянсыз болады. Дегенмен кейбір жағдайларда кене әртүрлі ауруларды, соның ішінде кене энцефалитін тасымалдауы мүмкін.

Кене энцефалиті қалай таралады:

  • вирус жұққан иксод кенесі шаққан кезде;
  • кенелер малға жаппай шабуылдаған кезде вирус ешкілердің, қойлардың, сиырлардың шикі сүтінде болады. Бірақ бұл жағдай сирек кездеседі;
  • кенені денеде өлтіріп немесе тістеген жерді тырнағанда.

Кене энцефалиті ауруының белгілері: жалпы әлсіздік, бас ауруы, жүрек айну, құсу, тәбеттің болмауы, дене температурасының көтерілуі, кене шаққан жерде гиперемия пайда болады.

Табиғатта, саябақта демалған кезде кене энцефалитінің алдын алу үшін:



  • ұзын жеңді көйлек киіп, оны шалбарға, ал шалбардың балағын шұлыққа салыңыз. Бас пен мойынды орамалмен, капюшонмен жабыңыз;
  • киіміңіз бен денеңізді жиі тексеріңіз; 
  • дененің ашық жерлері мен киімді репелленттермен өңдеңіз; 
  • кене шағып алған жағдайда медициналық ұйымға хабарласыңыз. 
  • егер медициналық көмекке жүгіну мүмкін болмаса, кенені өз бетінше алып тастаңыз (кенеге бір тамшы май тамызып, пинцет немесе жіп салыңыз, кейін біртіндеп алыңыз;
  • егер тісі теріде қалса, оны алып тастаңыз, тістеген жерді йодпен майлаңыз және қолыңызды мұқият жуыңыз).
Талқылау