Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Гректер бізден алған": Қырғызстандық шенеунік грек жаңғағы қырғыздардікі екенін айтты

Қырғыстанның ҰҚКК басшысы, министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Камчшыбек Ташиев грек жаңғағын Қырғызстандыкі екенін жеткізді. Айтуынша, гректер бұл жаңғақты Қырғызстан жерінен алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Ол Жалал-Абад облысында 100 гектар жерге жаңғақ көшеті отырғызу кезінде жаңғақтардың бүкіл әлемге Қырғызстаннан таралғанын атап өтті. Бұл мыңдаған жылдар бұрын болған екен. 

"Нақты санын атай алмаймын. Ғалымдар оны дұрыстап анықтауы керек. Жаңғақтар бізде мыңдаған жылдар бойы өсіп келеді. Әлемдегі ең үлкен жаңғақ плантациясы осында. Жаңғақ біздің елден бүкіл әлемге таралды. Сосын грек, түрік, испан, венгр деп аталды. Негізінде бізден шыққан. Сондықтан оны грек жаңғағы деп емес, қырғыз жаңғағы деп атауымыз керек. Әсіресе, сіздер, жергілікті билік органдары, әкімдер, губернаторлар, ТЖМ қызметкерлері оны грек жаңғағы деп атамаңыздар, "қырғыз жаңғағы" деңіздер. Осылайша біз өз тарихымызға қайта ораламыз.

Біз, қырғыздар, өзімізді мақтай алмаймыз. Егер ол грек болса, жақсы деп ойлаймыз. Керісінше, оны бізден гректер, түріктер, қытайлар да алды. Мұны брендке айналдыру керек", - деді ол.



Ташиевтың сөзінше, болашақта бұл көшеттер нағыз орманға айналатынын және қырғызстандық жаңа ұрпақ орманды ата-бабалары екенін айтады.

"Біз өзіміздің жеке басымызды, құндылығымызды төмендетіп жібердік. Қазір балаларымыз бен немерелеріміз өсіп келеді. Оларға ең құндысын беруіміз керек. 50 жылдан кейін бұл жерде менің немерелерім мен шөберелерім ойнайды. Шөберелер: "бұл ағаштарды біздің ата-бабаларымыз отырғызған", - дейді. Барлық ұрпағымыз осылай сөйлейтін болады", - деп түйіндеді Ташиев.

Талқылау