Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жұмыс пен жеке өмірдің арасында тепе-теңдік сақтау керек – Сәуір айына арналған жұлдыз жорамал

Қазақстандық астролог Сабина сәуір айында сәттіліктің негізгі кілті – тепе-теңдікті сақтай білу мен икемді бола білу дейді. Жұлдыздар интуицияға құлақ түріп, энергияны шығармашылық пен өміріңіздің әр саласындағы үйлесімдікке бағыттауға кеңес береді. Stan.kz сәуір айына арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады. 

Фото: Рixabay.com

Тоқты

Сәуір айының басы тоқтыларға жаңа жетістіктерге деген ұмтылыс әкеледі. 12 сәуірге дейінгі кезең жаңа жобаларды қолға алып, бастамашылдық таныту үшін қолайлы уақыт. 13 сәуірде ай толып, жеке амбициялар мен қарым-қатынас арасындағы тепе-теңдік мәселелерін айқындауға мүмкіндік туады. Астролог тоқтыларға жақындарының пікірін ескеруге кеңес береді. 

Торпақ

Сәуір айында торпақтар өзіне-өзі талдау жасап, көп дүниені ой елегінен өткізіп, жоспар құрады. 1-12 сәуір аралығындағы толып келе жатқан Ай ұзақ мерзімді мақсаттарды қалыптастыруға ықпал етеді. 13 сәуірден бастап денсаулық пен күнделікті әдеттеріңізге мән беріңіз. Жұлдыздар физикалық және эмоциялық жағдайыңызға ерекше назар аударуға кеңес береді. 

Егіздер

Келер айда егіздер әлеуметтік белсенділік пен жаңа таныстықтарды басты орынға қояды. Айдың басында жұлдыздар қарым-қатынас аясын кеңейтуге қолайлы жағдай жасайды.13 сәуірде ай толғанда аталған жұлдыз белгілері шығармашылық жобалар мен жеке қызығушылықтарға ден қояды. Ал мұның нәтижесі олар күтпеген жетістік әкелуі мүмкін.

Шаян

Сәуір айында шаяндар мансаптық амбицияларына назар аударады. Толып келе жатқан Ай жаңа бастамаларды ілгерілетуге көмектеседі. Сондай-ақ бұл жұлдыз белгілеріне өзін жан-жақты көрсетуге жақсы мүмкіндік туып тұр. 13 сәуірде Ай толып, жеке өмір мен жұмыс арасындағы тепе-теңдіктің маңызын сезінуге ықпал етеді. Астрологтар шаяндарға үйіне және жақындарына көңіл бөлуге кеңес береді.

Арыстан

Сәуір айында арыстандар ерекше шабыттанады. Жаңа білім іздеп, көкжиегін кеңейтуге талпыныс жасайды. 12 сәуірге дейінгі уақыт арыстандарға оқу мен тәжірибе алмасу үшін қолайлы болмақ. Ал Ай толғанда қарым-қатынас пен өзін-өзі дамытуға қатысты маңызды тақырыптарға тереңінен үңіліп, зерттейсіз. Жұлдыздар арыстандарды қызық ұсыныстар түседі деген болжам жасады.

Бикеш

Көктемнің екінші айында бикештер үшін қаржылық жағдай ең бірінші орынға шығады. Айдың басы бюджетті қайта қарауға және жаңа табыс көздерін іздеуге өте қолайлы уақыт. Ай толғанда отбасы немесе іскерлік серіктестік аясындағы ресурстарды бөлу мәселесін күрделене түсуі мүмкін. Астрологтар бикештерге келісімге келудің өте маңызды екенін еске салады.

Таразы

Таразылар сәуір айын жеке өміріндегі қарым-қатынасқа және серіктестікке арнайды. Толып келе жатқан Ай серіктестік байланыстарды нығайтуға және сенімділікті арттыруға көмектеседі. Ай толғанда таразылар өзіне не қажет екенін түсініп, қарым-қатынастағы өз қажеттіліктерін айқындайды. Жұлдыздар таразыларға жеке мүдде мен басқаларға қолдау көрсетудің арасында тепе-теңдік ұстауға кеңес береді. 

Сарышаян

Астрологтар сарышаяндарға сәуірде денсаулығына ден қоюды ұсынады. Күнделікті міндеттер де назардан тыс қалмау керек. Айдың басы жаңа, пайдалы әдеттер қалыптастыруға және күн тәртібін өзгертуге өте қолайлы уақыт. Сондай-ақ жұмыс пен жеке өмір арасындағы үйлесім туралы ойлануға түрткі болатын жағдайлар болады. Елеусіз қалдырмаңыз.

Мерген

Мергендер үшін сәуір айы шығармашылық шабытқа толы кезең болмақ. Көңіл көтеруге де қолайлы уақыт. Толып келе жатқан Ай кезеңінде романтикалық қарым-қатынастар жанданады. Сүйіктіңізді кездестіріп қалуыңыз бек мүмкін. Сондай-ақ өзіңізді жан-жақты көрсетуге мүмкіндіктер туады. Өзіңізді еркелетіп, көптен ойлап жүрген қалауыңызды орындаудан тартынбаңыз. Жұлдыздар өзіңізге қуаныш сыйлауды әдетке айналдыруға кеңес береді.  

Тауешкі

Астрологтар тауешкілерге баспана мәселесіне назар аударып, отбасын нығайтуға көңіл бөлуі керек дейді. Ай толғанға дейінгі кезең үйде жайлы жағдай жасауға және тұрмыс жағдайын жақсартуға қолайлы уақыт. Тауешкілер жұмыс пен отбасы арасында баланс сақтауға ұмтылу керек. Жұлдыздар екі салаға да уақыт табуға тырысуға кеңес береді.

Суқұйғыштар

Сәуір айы – суқұйғыштар үшін қарым-қатынас құрып, идея алмасуға қолайлы уақыт. Суқұйғыштарға айдың басында білім алуға, сапарға шығуға түрлі мүмкіндіктер ашылады. 13 сәуірде Айдың толуы қарым-қатынас аспектілеріне көзқарасын өзгертуге итермелейді. Астрологтар суқұйғыштарға сезімдерін ашық білдіруге және оны кедергісіз жеткізуді үйренуге кеңес берді.

Балықтар

Сәуірде балықтарды қаржылық қиындықтиар күтіп тұр. Сол себепті жұлдыздар қаражатты ақылман жұмсауға кеңес береді. Айдың басы бюджетті жоспарлау мен шығындарды талдау үшін қолайлы уақыт. Айдың ортасында өмірлік құндылықтар мен ресурстарыңызды қайта қарағаныңыз абзал. Астрологтар балықтарға өзін бағалап үйренуге және қаржылық жағдайды нығайту үшін әрекет етуге кеңес береді. 

Талқылау