Қырғызстанда енді тоқтатылған көлік жүргізушілері дәл сол жерде жол ережесінен емтихан тапсырады
Қырғызстанда енді жол ережесін бұзғаннан кейін тоқтатылған көлік жүргізушілері сол жерде емтихан тапсырып, жол жүру ережесін білетінін дәлелдеуге міндеттеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: freepik.com
Қырғызстан басшысының баспасөз хатшысы Аскат Алагозовтың мәлімдемесіне сәйкес, егер тексеру нәтижелері жүргізушінің жол қозғалысы ережелерін білмейтінін көрсетсе, оның жүргізуші куәлігі біраз уақытқа алынып қояды. Дегенмен олар құқығынан айырылмайды.
Бұл өзгеріске себеп 90-шы жылдарда жүргізуші куәлігінің жаппай сатылуы. Сол аралықта көбісі жол қозғалысы ережелерін меңгермесе де жүргізуші куәлігін алған. Тек 20-30% ғана емтихан тапсырған.
"2020 жылға дейін жүргізуші куәлігі 15-20 мың сомға жаппай сатылды. Қазір бұл тәжірибе толығымен тоқтатылды және барлығы тек меңгергеннен кейін ғана ие бола алады", – делінген хабарламада.
Жаңа рәсім президент Жапаровтың тапсырмасы бойынша осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап енгізіледі.
Қайта тестілеуге бірінші рет жіберілген кезде жүргізуші 500 сом төлеуі керек. Қайта тапсыру кезінде — 1000 сом, үшінші рет — 2000 сом. Үшінші сәтсіздік жағдайында төртінші әрекет үшін 4000 сом төлеуге тура келеді.
"Бүкіл процесс видеоға жазылады. Біріншіден, жол полициясының инспекторларын ешкім айыптай алмайды. Екіншіден, ережелерді білмейтіндер өздері ыңғайсыз жағдайға тап болады. Сондықтан бүгіннен бастап жол қозғалысы ережелерін оқып бастайық", – дедіАскат Алагозов.