Қазақстандық әйел ұлын 550 мың теңге беріп, әскерден алып қалғысы келген
Қызылорда облысында ұлын әскерге шақыртудан босатпақ болған әйел алаяққа 550 мың теңге беріп алданып қалды. Алайда сотта іс тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттегі хабарлайды.
Фото: pixabay.com
Алаяқтық туралы іс Арал аудандық сотында қаралды.
"Сотталушы Н.С. жәбірленушінің сеніміне кіріп, алдап, одан 550 мың теңге алған. Оған ұлын таныстары арқылы әскерге шақырудан босатуға көмектесетінін айтқан", — делінген Қызылорда облысы сотының баспасөз қызметінің хабарламасында.
Дегенмен жәбірленуші кейін сотқа қылмыстық істі тоқтату туралы өтінішпен жүгінді. Ол өзінің сотталушымен татуласып, ақшасын өнідіріп алғанын айтқан.
Қарастырылып отырған қылмыстық әрекет ауырлығы төмен санатқа жатады. Сондықтан сотталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылды.
Талқылау