Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Әйел болғаным үшін жұмысқа алмады": Әйел-ұшқыш тікұшақ басқаруды бала кезден армандаған

Ақерке Шопатева – қазақ авиациясының тарихындағы тікұшақ басқаратын тұңғыш әйел. Ол МИ-8 деп аталатын әскери ұшақтың ұшқышы. 24 жасында ұшқыш атанған Ақерке үш жыл бойы әйел болғаны үшін көп жер жұмысқа қабылдамай қойғанын айтады. Десе де өжет қыз айналасындағыларға әйелдің де мықты ұшқыш бола алатынын дәледеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Еңбек жолын 24 жасында бастаған Ақерке Шопатева бүгінде 4 баланың анасы, сүйікті жар. Ұшқыш болсам деген арманы мектеп кезінде, ұшақты үйрену курсынан басталған. Ақерке истребительді басқаруды армандаған. Алайда әскери университет оқып жүргенде айналасындағылар Ақеркеге бұл арманың орындалмайтынын айтып, күлкіге айналдырған. 

Онымен қоймай, ол үш жыл бойы әуе компанияларға жұмысқа тұрмақ болып, азаматтық ұшқыштың түйіндемесін ұсынған. Бірақ ешбірі Ақеркені әйел болғаны үшін жұмысқа қабылдамаған. Еңбек жолы басталмай тұрып, сатушы болған кездері де болған. Бірде Ақеркеге Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиақұтқару" авиациясынан шақырту келді. Сөйтіп ол әйгілі АН-2 ұшағын басқаратын болды. 

“Азаматтық авиация академиясына ұшқыш мамандығына түстім. Оқуды бітіргеннен кейін мен Ан-2 ұшағын басқардым. Бірақ болашақта мұнымен тоқтап қалғым келмей, Төтенше жағдайлар министрлігінің "Қазавиақұтқару" авиациясының шақыртуымен тікұшақ меңгеруді жөн көрдім. Осылайша тікұшақ басқардым”, – дейді Ақерке Шопатаева.

Оның жұмыс күні әдетте, тікұшақтың жанында өтеді. Ақерке ұшар алдында әуе кемесін мұқият тексереді. Айтуынша, мұндайда ұсақ-түйек жұмыс болмайды. Ұшақ автоұшқышпен жабдықталғанымен, қолмен басқарылады.

Әйел-ұшықтардың арасында Ақерке жалғыз емес. Жағдайдың қаупті екеніне қарамастан, басын қатерге тігіп, төтенше жағдай болған жерге аттанатын қыз-келіншектер баршылық. Олар өртті де сөндіреді, қар көшінінде, жол апатында зардап шеккендерді құтқарады. 

“Біз апатты құрам болғандықтан, ауыр науқастарды, шала туылған нәрестелерді тасымалдау, зардап шеккендерді іздейміз, құтқарамыз, су басу кезінде адамдарды апатты аймақтарынан эвакуациялаймыз, су шашатын құрылғымен өрт сөндіреміз, сондай-ақ біздің көмегімізді қажет ететін әуе жұмысының бірқатарын орындаймыз”, – дейді Ақерке.



Әйелдер ауыр әскери техниканы ғана емес, азаматтық ұшақтарды да басқарады. Мысалы, Ажар Несіпбаева – Air Astana әуе компаниясындағы Airbus ұшағының екінші ұшқышы.

“Air Astana әуе компаниясындағы Airbus 320-321 ұшағының екінші ұшқышымын. 16 жасар оқушы кезімнен бастап Астанадағы авиациялық оқу орталығында ұшып үйрендім. Кейін бірінші ұшу лицензиясын алдым және ұшақты басқарудан ешқашан айырылмайтынымды түсіндім. Сөйтіп азаматтық авиация академиясына түстім. 2-курста мені Еуропаға оқуға жіберді, ол жерде коммерциялық ұшқыш лицензиясын алдым. Ал елге оралған соң " Qazaq Air" және "Air Astana" сияқты компанияларға жұмысқа орналастым”, – дейді Ажар.

Әлемде әйел ұшқыштардың үлесі небәрі 5%. Қазақстанда 34 әйел ұшақ басқарады. Жалпы авиация саласында 10 мыңға жуық әйел жұмыс істейді. Олар көбіне техникалық қызмет көрсету және навигация да қызмет етеді. 

Бұған дейін Қазақстан саясаты мен қоғамындағы ықпалды әйелдер туралы жазған едік.

Талқылау