"Лә иләхә Илла Аллаһ" деп бірнеше рет қайталатқызды": Нархоз университетінде студенттер бизнес-тренердің сабақ барысындағы әрекетіне наразы болды
Нархоз университетінде студенттер қонаққа келіп, практикалық сабақ өткізген бизнес-жаттықтырушы Айка Әлемінің әрекетіне шағымданды. Айтуларынша, бизнес туралы айтуы тиіс болған сабақ арасында Айка студенттерге құдаймен байланыс туралы видео қосып, "Лә иләхә Илла Аллаһ" сөзін бірнеше рет бірге қайталатқызған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Вes.media порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: видео кадрларынан скрин
Нархоз университетіндегі "Мейрамхана ісі" мамандығының студенті оқиға туралы видеоны Instagram желісіне жариялаған. Кадрда лектордың "Лә иләхә Илла Аллаһ" деген сөз тіркесі бар музыканы қосқаны көрінеді.
"Әдетте бізде сырттан спикерлер келсе олардың дәрістері қызық өтеді. Басында қандай мықты әйел келген деп ойладым. Ол жеке бренд, бизнес, өз тәжірибесі туралы айтып беруі керек еді. Бәрі жақсы басталды. Ол торт жасау, жүйе мен оны сату туралы айтты. Бірақ кейін "адамның әлеммен байланысы, өмірдегі маңыздылығы" туралы слайдты көрсете бастады", – деді Малика.
Студенттің сөзінше, лектор студенттерге: “егер миллиардер болғыларың келсе – миллиардерге қызмет ет, декан лауазымын армандайтын болсаң – деканға қызмет ет, ал егер тұрмысқа шыққың келсе – тұрмыстағы әйелге қызмет ет” деп айтқан. Кейін құдай туралы айтып, адамды атымен атағандай құдайды да атау керек екенін түсіндіре бастаған.
"Ол біздің арамызда атеистер бар-жоғын сұрады. Кейін өзінің бұрын агностик болғанын айтты. Бірақ бәрінен үміт үзген кезде Аллаға жүгінгенін және содан кейін бәрі жақсы жүре баста, барлық қиындықтарды еңсергенін жеткізді", – деп қосты студент.
Студент кейін лектордың сабақтағылардан сақина, сағат, бас киім, барлық әшекейлерін шешіп, тәжірибе жасап көру үшін қолдарын тізелеріне қоюды сұрағанын алға тартты.
"Міне, кейін барлығы дәл видеодағыдай болды. Ән айтып, құдайға жүгініп, кейін онымен байланысқанымызды сезіндірмек болды. Ол видеоны алдымен 1x жылдамдықта қосты, Кейін 1.5х дейін, тіпт 2х-қа дейін жеткізді. “Мына жерде мұсылмандар көп болғандықтан ислам шахадасын қосамын" деп мәлімдеді. Университет қабырғасына діни нәрсе қою бұл тіптен қорқынышты жайт. Ол аудиторияда қанша адам мұсылман екенін қайдан біледі? Осы тәжірибеден кейін мен профессорға шығып кететінім туралы жаздым. Ол да "кетейік" деді” – деп қосты бойжеткен.
Мәлік Чалабаеваның айтуынша, университеттегі философия және модульдік-әлеуметтік-саяси білім сабақтарында әртүрлі діндер мен дүниетанымдар ашық талқыланады. Бірақ барлығы толерантты түрде құрметпен өтеді екен. Ол университетте ешкім ешқандай дінді насихаттамайтынын алға тартты.
“Діни практика емес, өзіңмен байланыс орнату”: Айка Әлемі оқиғаға қатысты
Бизнес-тренер Айка Әлемі болса, Нархоздағы дәрісті тегін өткізгенін алға тартты. Ол дәріс барысында жеке бренд құру және жұмыс табу бойынша тәжірибесімен бөлісуді жоспарлаған. Дәрістің бір бөлігінде медитация жүргізіліп, студенттерге өз дауыстарын тыңдауға ұсыныс жасағанын жеткізді.
“Мен медитацияларды барлық рухани дәстүрлерде өткіземін: христианша "Аллилуя", "Ом", "Нашиву" айтамыз, мұсылманша "Лә иләхә Илла Аллаһ" дейміз. Бұл толық шахада емес. Мүлде діни практика емес. Бұл өзіңмен байланыс орнату.
Діни сезімдерді қорлап, шахаданы айтты деп мені бірден айыптаған адамдар болды. Бірақ бұл шахада емес. Шахада – бұл мұсылман болу үшін айтылатын сөздер: "Лә иләхә Илла Аллаһ Мұхамади расул Аллах". Біріншіден, ешкімнің сезімін қорламадым. Олар тек шу шығару үшін айтты. Мен діни уағызшы емеспін, мен бизнес-тренермін. Медитация – бұл өзіңмен байланыс орнатып, өз дауысыңды естіп, не істейтінін түсінудің жолы. Олар мені дұрыс түсінбей, орнындарынан тұрып кетіп қалды", – деді спикер.
Айка Әлемі студенттерге осылайша тәжірибелік лекция өткізгісі келгенін алға тартты. Айтуынша, ол жерде ислам дінінен басқа дінді де ұстанатындар болған. Ал оқиғадан соң университет басшылығы хабарласып, студенттердің шағымы туралы жекелей жеткізген.
“Студенттер исламды да, христианды да, иудаизм, индуизмді, буддизмде де түсінбейді. 32 жылдық жұмыс тәжірибесі, көптеген марапаттар, дипломдар, халықаралық жобалары бар адамды бірден қорлай бастады. Мұнда келгеніме 100 есе өкінемін. Әрине университеттің кінәсі жоқ. Мен де ұялатындай әрекет жасаған жоқпын. Енді мұнда ешқашан келмеспін", – деді бизнес-тренер.
Нархоз университеті болған жағдайды талдап, осындай оқиғалардың қайталанбауы үшін шаралар қабылдайтынын мәлімдеді.
2025 жылы 3 наурызда директор мен оқытушылар студенттермен кездесу өткізіп, кешірім сұрайды. Айка Әлемі де өз сөздері мен әрекеттері үшін кешірім сұрады.