Қазақстанда әйелдер ерлерге қарағанда 8 жыл ұзағырақ өмір сүреді – Министр
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова еліміздегі халық саны мен туу көрсеткіштері туралы ақпаратты бөлісті. Айтуынша, елімізде әйелдер мен ерлер арасында өмір сүру ұзақтығында айтарлықтай айырмашылық бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдің айтуынша, биыл туу коэффициенті 6,2% төмендеген. Ал өткен жылы еліміз 2004 жылдан бері туудың ең төменгі деңгейін тіркеді.
Альназарова ерлер мен әйелдер арасындағы өмір сүру ұзақтығының айтарлықтай айырмашылығын атап өтті. Орташа алғанда, әйелдер 8 жыл ұзағырақ өмір сүреді екен.
Ерлер арасындағы жоғары өлімнің негізгі себептері суицид, қылмыс, жол-көлік оқиғалары, өндірістегі жазатайым оқиғалар, сондай-ақ жүрек-қан тамырлары аурулары болып отыр.
Еске салсақ, 2025 жылы Қазақстан халқының саны қаншаға көбейгені туралы хабарлаған едік.
"Төрт жыл бұрын Қазақстан азаматтығын алған": Сарапшы Шарлапаевтың "Атамекен" кәсіпкерлер палатасына тағайындалуын сынға алды
Экономист мұны "бір баррикададан екіншісіне өту" деп бағалайды
Еңбек кітапшасын жоғалтып алған: Танымал продюсер зейнетке шыға алмай жүргенін айтып берді
Оның айтуынша, азаматтарды бір мекемеден екіншісіне жіберіп, дөрекі сөйлейтін жағдайлар жиі кездескен