"Бейшара сияқты отырдым": Қазақстандық әйел қоғамдық жерде намаз оқитындарды сынға алды
Әлеуметтік желіде Әсел Бағарова есімді желі қолданушысы намазхандардың қоғамдық жерде намаз оқу басқа адамдарға кедергі келтіретінін айтып, өзінің басынан өткен жағдай туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Рexels.com
Әсел бір қыздың жазбасын көріп, бір сапары есіне түскенін айтады. Бұл жағдай пойыздағы қарбалас кезінде болған.
“Өз вагоныма кіріп, купеме келдім. Есік жабық, алдында ер адам тұр. “Күте тұрасыз ба, әйелім намаз оқып жатыр” деді. Сол кезде адамдар вагонға сөмке, чемодандарымен кіріп жатты. Тальгоның ірі тар болғандықтар көрші купеге кіріп, күтуге мәжбүр болдым. Біраздан кейін шықсам, есіктің алдында әйел тұр. “Күте тұрасыз ба, күйеуім намаз оқып жатыр еді” деді. Қайтадан көрші купеге барып, бейшара сияқты күтіп отырдым”, – деп жазды желі қолданушысы.
Ол көршілерінің жұмысын аяқтағанын ұзақ күткен. Бірақ қанша күтсе де, купенің босағанын ешкім ескертпеген.
“Біраздан соң шығып қарасам купеде ешкім жоқ. Дәлізде әйелді көріп қалып “Болған соң неге маған айтпадыңыздар? Көрші купеде бейшараға ұқсап күтіп отырдым” деп арыздандым. Сонда ол күйеуінің қазір ғана намаз оқып болғанын айтты. Тіпті маған келтірген ыңғайсыздығы үшін кешірім де сұраған жоқ. Қоғамдық жерде намаз оқып, адамдарға кедергі жасау қаншалықты дұрыс?” – деп ортаға сауал тастады Әсел.
Анна есімді желі қолданушысы да осыған ұқсас өзі куә болған оқиғаны баяндады.
“Шаштараз салонында әкімші болып жұмыс істедім. Намаз оқитын жігітті егер айналасындағыларға және жұмысына кедергі келтірмесін деген шартпен жұмысқа алдық. Ешқандай қиындық болған жоқ. Намазды оятқышы шырылдағанда емес, келушілер болмағанда оқитын. Бізге де намаз оқимын деп міндетсінбейтін. Ал ойынхадағы жұмыс кезінде бір әріптесім бәрін тастап, намаз оқуға кетіп қалатын. Ол жағдайда ойын кезінде үстелді ашық тастап кетуге болмайды. Онымен қоймай айналасындағы 20-дас астам адамнан тыныштық сақтауын талап ететін. Сөйтіп оны жұмыстан шығарып жібердік”, – деп жазды желі қолданушысы.
Тағы бірі басынан өткен жағдайды мысалға келтірді.
“Университет оқып жүргенде бөлмеде бірге тұрған қыз намаз оқитын. Таңғы сағат 4-те намаз оқу үшін бүкіл бөлменің жарығын жағып қоятын. Мен дінде адамның намаз оқуы ешкімге кедергі келтірмеуі тиіс деп ойлайтынмын. Осылайша күнде сағат 4 кезінде оянып кетіп жүрдім. Бірде ол мүлдем намаз оқуын қойды. Мұнысын да түсінбедім”, – дейді жазба авторы.
Виктория есімді желі қолданушысы да өзі куә болған оқиғаны баяндады.
“Бір марокколоқ азаматпен бірге жұмыс істедім. Әжетханаға апаратын дәліз ұзын әрі тар. Ал ол сонда құлшылық жасайтын. Ары-бері өте алмайтынбыз. Бірде маған өзіне кедергі келтіруге болмайды деп айтуға тырысты. Бірақ мен келесі жолы да осылай етер болма үстінен аттап өтетінімді айтып, ескерттім. Тағы бірде діни кітапты сөреге қойып қойыпты. Ол сөрені күніге сүртіп тұру керек. Кітапты көтеріп сүртіп алдым. Ол “ұстама” деп азар да безер болды. “Мұннан алып тастасаң қолымды да тигізбеймін” дедім. Жеке заттарын қоятын жер емес. Содан кейін ондайын қойды”, – деп жазды желі қолданушысы.
Басқа желі қолданушылары оны қолдап түрлі пікір жазды. Олар басқа адамдар намазхандардың құлшылығын аяқтауын күтуге міндетті емес екенін айтады.
“Мен атеиспін. Олардың жеке жұмысында шаруам жоқ. Мен болсам кіре берер едім”, “Бейшара” болмай, өз құқығыңызды қорғаңыз”, “Ақылға сыймайды. Оның намазы үшін мен неге дәлізде күтіп тұруым керек”, “Намазхандар, басқа адамдарға қолайсыздық тудыруды қойыңыздар”, “Ондай болса, бір купені түгел сатып алсын. Бірақ басқаларға кедергі келтірмесін”, – деп жарыса жазды желідегілер.

Фото: Суреттен скрин
Енді бірі намаз оқитын жандарға ондай кезде өз күнін тиянақты етіп жоспарлауға кеңес берсе, басқалар теміржол, әуежайларға арнайы намаз оқитын бөлмелер жасау керек деген ұсыныс айтты.
Бұған дейін Алматыда жол ортасында намаз оқыған ер адам желіде талқыға түскен еді.
"Бәрі бір сәтте мәнсіз болып қалды": Таяу Шығыста қиын жағдайға тап болған қазақстандықтар көргендерін айтып берді