Лифтте бес жасар баланы пышақтап тастаған жасөспірімді психдиспансер қызметкері соққыға жыққан
Астанада лифтте бес жасар баланы пышақтап тастаған жасөспірімді психдиспансер қызметкері соққыға жыққаны туралы ақпарат тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Видеодан скрин
Бұл туралы Астанадағы ерекше балалардың ата-аналары одағының төрайымы Гүлсан Мауина мәлімдеді. Оның айтуынша, жасөспірімнің өзі анасына соққыға жығылғанын айтып берген.
“Санитар балаға екі рет қол көтерген. Кеше және бүгін. Біз қазір сот медициналық сараптамасын жасатуға тырысып жатырмыз. Полицияға хабарластық, учаскелік полиция қызметкері келді, бірақ әлі нәтиже жоқ. Баланың анасы екі күн бойы сараптама жасата алмай жүр”, – дейді одақ төрайымы.
-
Астанадағы лифтте пышақ жарақатын алған 5 жасар баланың өмірін дәрігер көршісі құтқарып қалған
-
Лифтте балаларға шабуыл жасаған астаналық жасөспірімнің қазір қайда екені белгілі болды
Сондай-ақ әйелдің айтуынша, шизофренияға шалдыққан 14 жастағы жасөспірім бала болып саналса да, психоневрологиялық диспансердің ересектерге арналған бөлімінде жатқан көрінеді. Бөлмелерде бейнебақылау камералары болмағандықтан ұрып-соғу фактісін дәлелдеу мүмкін емес дейді одақ төрайымы.
Еске салсақ, бұған дейін Астанада жасөспірім 5 жасар баланың бетін пышақпен тілгілеп тастағаны туралы жазған едік. Кейіннен осы жасөспірімнің лифтте тағы бір қызға шабуыл жасамақ болғаны анықталды. Астана полициясы шабуыл жасаған жасөспірімнің оқшауланатынын хабарлады.