Израильде бір сәтте үш автобус жарылды: Билік теракт әрекеті деп күдіктеніп жатыр
Тель-Авивтің оңтүстігіндегі Бат-Ям қаласында үш автобуста жарылды. Зардап шеккендер жоқ. Билік мұны теракт болуы мүмкін деп тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: darakchi.uz
Полиция мәліметінше, тағы екі автобустан жарылмаған жарылғыш құрылғылар табылды. Күдіктілерді табу үшін оқиға орнында полиция бөлімшелері жұмыс істеп жатыр.
Израиль БАҚ-тарының мәліметінше, көлік министрі Мири Регев көліктерде жарылғыш зат бар-жоғын тексеру үшін автобустар мен теміржол қозғалысын тоқтатуға бұйрық берді.
Полиция өкілі Арье Дорон аймақты тексеруді жалғастырып жатқанын айтты. Сондай-ақ тұрғындардың қолындағы кез келген күдікті пакеттер мен заттар тексерілетінін айтты.
"Лаңкестердің таймерлерді дұрыс емес уақытта орнатқанының арқасында зардап шеккендер жоқ. Бірақ бұл туралы айтуға әлі ерте", – деді ол.
Әлеуметтік желіде жарияланған кадрларданбір автобустың өртеніп жатқанын, одан түтін шыққанын көруге болады.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, салмағы 5 келі болатын жарылмаған жарылғыш заттың бірінде Израиль күштері жақында лаңкестікке қарсы операция жүргізген Батыс Шерия қаласында "Тулькарм үшін кек" деген жазу бар.
Қорғаныс министрі Исраэль Кац Батыс жағалаудағы босқындар лагерлеріндегі операциялардың "қарқындылығын арттыруға" бұйрық бергенін айтты. Премьер-министр Беньямин Нетаньяхуға оқиға туралы ақпарат берілген.
Билік жұртшылықты Бат-Ямға бармауға және күдікті заттар табылған жағдайда қырағы болуға шақырды.
Айта кетейік, бұған дейін Израиль әскері Хамаспен атысты тоқтату келісімі аясында Газаны екіге бөлетін әскерилендірілген аймақ Нецарим дәлізінен шығып кеткен еді.