Бұған дейін Болат Назарбаевқа тиесілі болған зауыттың мүлкі мемлекетке қайтарылады
Алматы прокуратурасы Алматы ауыр машина жасау зауытының жылжымайтын мүлкін қайтаруды қамтамасыз етті. Бұған дейін Алматы қаласының прокуратурасы зауыт мүлкін заңсыз сату фактілерін анықтаған еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Болат Назарбаев фондынан
Қала прокуратурасының қадағалау актісін орындау шеңберінде Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті сотқа мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы талап-арызбен жүгінді.
Талап-арыздың мазмұны зауытқа 37 га астам жер учаскесін және жалпы ауданы 79 966 м² болатын 94 тұрғын емес үй-жайды қайтаруға байланысты болды.
Сот талапкердің талаптарын қанағаттандырды, апелляциялық саты шешімді күшінде қалдырды.
Алматы ауыр машина жасау зауыты бұрын Болат Назарбаевтың бақылауында болған. 2023 жылдың наурызында Жоғарғы сот АЗТМ акцияларының 31,9%-ын мемлекетке қайтаруға міндеттеді. Ол бұл акцияларды 2007 жылы сатып алған. Алайда мәміле шарттары орындалмаған.
"Дәрінің құны 1,5 миллиард теңге": Бұлшықеті әлсіз қазақстандық бүлдіршінге денсаулық сақтау министрлігі көмек көрсетуден бас тартқан
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"