Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"7-20-25" ипотекалық бағдарламасының шарттары өзгерді

5 қаңтардан бастап "7-20-25" ипотекасы бойынша бірінші тоқсандық лимит 25 млрд теңгені құрады.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап ипотека рәсімдеу үшін қарыз алушы мен оның жұбайының соңғы 18 айда баспанасы болмауы керек.

Екінші деңгейлі банктер банктік қарыз шартын жасау кезінде қарыз алушы мен оның жұбайының соңғы бір жарым жыл ішінде тұрғын үйінің бар/жоғын тексереді.

Алайда баспананың болмауы туралы талап ауданы 15 шаршы метрден аз жатақхана бөлмелеріне қолданылмайды. Сонымен қатар қарыз алушының басқа ипотекасы болмауы керек. Бұған қоса әр қазақстандық "7-20-25" бағдарламасына бір рет қана қатыса алады.

"7-20-25” бағдарламасы бойынша жеті банк несие береді. Олар Банк ЦентрКредит, Freedom Bank Kazakhstan, Halyk, RBC, Altyn, Forte, Eurasian.

Бағдарламаның шарттары:

- Мөлшерлеме: 7%;

- Бастапқы жарна: пәтер құнының 20%-ынан бастап;

- Несие мерзімі: 25 жылға дейін;

- Тек жаңа тұрғын үй алуға болады және ол пайдалануға берілген болуы керек.


2025 жылы "Отбасы банкі" исламдық ипотеканы іске қосады


Аймақтар бойынша алуға болатын максималды сомма қарастырылған. Астана, Алматы және қала маңындағы аудандарында, сондай-ақ Ақтау, Атырау, Шымкентте баспаналы болғыңыз келсе 25 млн теңгеге дейін несие ала аласыз. Қарағанды мен Түркістанда 20 млн, ал басқа аймақтарда 15 млн теңге. 

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда жаңа ипотекалық бағдарламалар пайда болатыны туралы жазғанбыз.

Талқылау