Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда құбыр жарылып, бірнеше аудан жылусыз қалды

Алматыда жылу құбырының жарылуы салдарынан бірнеше аудан жылусыз қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Апат 23 желтоқсанда Медеу ауданындағы Назарбаев даңғылы бойындағы жылу трассасында болған. "Алматы жылу желілері" ЖШС төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, апат құбырдың тозуы салдарынан болған. Апат болған құбырдың 1984 жылы пайдалануға берілгені анықталды.

Компанияның баспасөз қызметі апат салдарынан Сәтбаев – Достық, Тайманов көшелері, сондай-ақ Самал 1, 2, 3 ықшам аудандарында тұтынушыларға жылу беру шектелгенін хабарлады.



"АЛТС" ЖШС жөндеу-құрылыс қызметі апатты жедел жою бойынша жұмыс жүргізуде, жылу беру 24 желтоқсан күні сағат 01:00-ге дейін қалпына деп жоспарланған", – делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Риддердегі жылу электр орталығында жарылыс болғаны туралы жазған едік.

Талқылау