Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Интернатқа оқуға жіберілген бала ата-анасын сотқа берді

13 жастағы Ұлыбритания азаматы ата-анасын басқа континентте орналасқан мектеп-интернатқа қалдырып кеткені үшін сотқа жүгінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі сілтеме жасап Daily Mail басылымы хабарлайды.

Фото: ya-roditel.ru

Африкаға оқуға жіберілген жасөспірімнің аты-жөні аталмаған. Ол Оңтүстік Африкадағы Британ елшілігімен байланысып, ата-анасының оны күштеп шет елге апарып, мектеп-интернатқа тіркегенін айтты. Айтуынша, ата-анасы оны Оңтүстік Африкаға ауру туысына көмектесу үшін жібердік деп сендірген, бірақ бұл жалған ақпарат болған. Заңгерлердің көмегімен бала "физикалық және эмоционалдық жағынан жалғыз қалғаны" үшін ата-анасына қарсы сотқа арыз берген.

Ал ата-анасы жасөспірімнің Лондонда нашар топтарменмен араласып, қылмыстық бандаға қосылуға жақын қалғанын айтты. Осы себепті олар баланың Оңтүстік Африкаға көшуін ұйымдастырған. Жасөспірім бұл айыптауларды жоққа шығарады. Ата-анасының адвокаты оның телефонынан пышақтардың суреттері табылғанын, сондай-ақ мектепке жаңа смартфондар мен қымбат киімдермен келгенін айтады. Мектеп әкімшілігі оның қылмыстық әрекеттерге қатысуы мүмкін екендігін болжапты.

Жасөспірімнің адвокаты оны үйіне қайтару оның өміріне қауіп төндірмейтінін, сондықтан бала жаңа жерде қатты ыңғайсыздық сезініп, оқуға, тұрмыстық жағдайларға және сыныптастарына наразы болса, ата-анасы оны алып кетуге міндетті деп мәлімдеді. Ал ата-анасының адвокаты соттан тіпті бұл шешім баланың қалауларымен сәйкес келмесе де, "баланың мүддесіне сай шешім қабылдаған ата-ананың шешімін құрметтеп, қолдауды" сұрады. Қазіргі уақытта іс қаралып жатыр.

Талқылау