Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық әйелді 2gis-де жазылған жағымсыз пікір үшін сотқа берген

Қазақстандық әйел өзін сотқа берген дәрігердің әрекетіне шағымданды. Айтуынша, дәрігер 2gis-де жаман пікір қалдырып, ар-намысын таптаған адамды шатастырып сотқа берген. Согдина Шүкірова сол күні бұл дәрігердің қабылдауында болғанын және келісілген уақыттың 15 минутқа кешіккенін растайды. Алайда ол 2gis-ге ешқандай пікір жазбаған. Ал дәрігер сот арқылы Согдинадан 200 мың теңге моралдық шығын талап етіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Согдина Шүкірова Facebook парақшасынан

Согдина Шүкірова есімді Facebook қолданушысы оқиғаны баяндап берді. Айтуынша Whatsapp желісінен заматтық істер жөніндегі ауданаралық соттан хабарлама келгенде қатты таңғалған. Тіпті не үшін, кімнен екенін түсінбеген.

“Сөйтсем қызымды 26 қыркүйекте қабылдауға алып барған IClinic-тің лор-дәрігері Надежда Иванова мені 2gis-те теріс пікір білдірді деп сотқа берген екен. Бірақ мен 2gis-те ешқандай пікір жазған жоқпын!

Сол күнді бірден есіме алдым. Біз қызым мектептегі таңғы асқа үлгеруі үшін таңертеңгі сағат 8-ге (яғни бірінші болып) жазылдық. Алайда бірнеше минут ерте келсек те дәрігер біздің алдымызд біреуді қабылдап жатыр екен. Нәтижесінде бізді 15 минуттан кейін бір-ақ қабылдады. Мен арнайы кезекке жазылып уақытында келгенімді айтып дәрігерге шағымымды жеткіздім. Ол болса, кешірім сұрап, қабылдауды өткізіп, менің барлық сұрақтарыма қанағаттанарлық жауап бергендіктен мен бұл жағдайды тіптен ұмытып кеттім”, – деді ол. 

Дегенмен Согдина Шүкірова артынан дәрігердің өзін сотқа бергенін біледі. Айтуынша ол 2gis-те жазылған пікірді Согдина Шүкірова жазды деп ойлаған. 

“Келген пікірді оқығаннан кейін біздің жағдайымыздың ұқсас екенін түсіндім. Пікірді жазған адам да өзін белгіленген уақыттан кеш қабылдағанына шағымданған. Оның қабылдау уақыты 8.20-ға белгіленген. Алайда ол кезде қабылдауда біз болдық және 8.30-да шықтық. Бұл ретте, егер дәрігер пікірді дұрыстап оқыса, оны жазған мен емес екенін түсінетін еді. Себебі пікірде олардың операция жасауды жоспарлағаны жазылған. Ал менің қызымның отасы мамыр айында болған. Одан аденоидтарды алып тасталғанын дәрігерге де айтқанмын. Бірнеше ай ішінде олар қайта өсе ме деп те сұрадым”, – деп қосты ол.

Согдина осы тұста дәрігердің ақпаратты анықтамай жатып сотқа бергеніне шағымданды. Айтуынша пікірді кімнің жазғанын оңай-ақ түсінуге болатын еді.   



“Ар-намысына нұқсан келгені үшін көпшілік алдында кешірім сұрауды және 200 000 теңге моральдық шығынды өтеуді талап етіпті. Ол пікірге мән беріп қараса ондағы қабылдау уақыттары да әртүрлі біз 8:00-ге жазылғанбыз, ал пікір қалдырушы өзінің 8:20-ға жазылғанын айтқан. 

Айтпақшы, бұл пікірде "беделге нұқсан келтіретіндей" ештеңе жоқ. Керісінше, адам сауатты маман болғаны үшін осы дәрігерге келгенін жазған. Егер логикалық тұрғыдан ойласақ, онда пікір жазған адаммен қоса 2gis-ті де сотқа берсін. Себебі қосымшада бұдан басқа да қарсы пікірлер жетерлік”, – деді Согдина. 

Әйел сонымен қателікке қарамастан, сот отырысы WhatsApp арқылы бейне қоңырау шалу арқылы "бітімгерлік" мақсатта өткенін жеткізді. 

“Маған сөз берілгенде, жоғарыда айтылған мәліметтердің бәрін келтіре отырып, бұл пікірді мен жазбағанымды дәлелмен көрсеттім. Бірақ дәрігер маған сенбеді! “Бәлкім, сіз емес болсаңыз да біреуге айтып жаздырған шығарсыз” дейді. Менің барлық дәлелдерімді көзге ілмейтін сияқты. Осылайша, бітімгершілік болмай, судья істі одан әрі сотқа бағыттайтынын айтты.

Міне, дәл осылай, жасамаған нәрсемді жасадың деп айыптап, тіпті сол үшін моральдық шығын өтеуді талап етуде”, – деп қорытты ол. 

Талқылау