Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Solidcore Resources Ертіс өзеніне Қызыл кітапқа енген бекірелерді жіберді

Ертіс өзенінде Сібір бекіресі ежелден бері тіршілік етіп келген. Бірақ кейінгі 30-40 жылда адамдардың тіршіліктегі белсенділігіне байланысты бұл балық түрінің популяциясы күрт төмендеді. 

Антропогендік факторлардың салдарынан кейінгі онжылдықтарда Сібір бекіресі Ертіс өзенінен жоғалып кетті. Сол себепті былтыр Абай облысында бағалы балықтардың популяциясын қалпына келтіріп, жас өскіндерді жіберу басталды. Ал қазір Solidcore Resources компаниясының құрамына кіретін Бақыршық тау-кен кәсіпорны ересек балықтардың үлгілерін сатып алды.

Өткен аптада Абай облысы Мұқыр ауылының маңына бірнеше күн қатарынан балықтар әкелінді. Арнайы жабдықталған көліктермен Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін Сібір бекіресі жеткізілді. Үш күнде Ертіске 6446 бағалы балық шығарылды. Балықтың бұл түрі жыртқыштардан қорықпай, 70 жылға дейін өмір сүре алатынымен ерекшеленеді.

Балық тұқымын көбейту акциясына бастамашылардан бөлек, балық инспекциясы мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Олар балықтардың дұрыс тасымалдануы мен қоныс аударуын қадағалады. Үш күнде бірнеше рейспен төрт тонна Сібір бекіресі әкелінді.

"Бекіре уылдырық шашу үшін жоғары жаққа қарай көтеріліп, Қара Ертіске барады. Бірақ су электр станцияларының каскадтары салынғанына байланысты балықтар әрине, уылдырық шашатын жерге дейін жетпей қалуы мүмкін", – деді "Зайсан-Ертіс облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы" РММ Семей балық инспекциясы бөлімінің бас маманы Нұрболат Мұқышев. 

Бір қызығы, қолайлы жағдайларда Сібір бекіресі 70 жасқа дейін өмір сүре алады. Осы уақыт ішінде ол ірі өлшемге дейін жете алады. Оның тіршілігіне жыртқыш балықтардың кедергі болмайтыны түсінікті. Оларға тек адамдар зиян келтіруі мүмкін. Балық инспекциясы браконьерлікке қарсы рейдтер өткізетінін айтып, уәде етті.

Айта кету керек, Solidcore Resources барлық аймақтарда биоәртүрлілікті сақтауға және қолдауға ерекше назар аударады. Биыл Абай облысының Жарма ауданындағы Қызыл-Су су қоймасына Бақыршық тау-кен кәсіпорнының бастамасымен ақ амур мен сазан жіберілді. Мұнда екі жасқа толған 20 мыңнан астам балық әкелінді. Сонымен қатар Қостанай облысында Комаровское мен Варваринское кәсіпорындарының кеншілері бірден екі, Сергеев пен Жетіқара ауданындағы Шортанды су қоймасын балықтандырды. Бұл жерлерге 20 мың сазан тұқымы жіберілді. Осындай акцияны Павлодар облысында Solidcore Resources құрылымына кіретін Ертіс гидрометаллургиялық комбинатының қызметкерлері де өткізді.

Талқылау