Путин АЭС мәселесі бойынша Қазақстанға келе ме — Энергетика министрі қауесетке жауап берді
Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Ресей президенті Владимир Путин атом электр станциясын салу мәселесінде "Росатомның" мүдделерін ілгерілету үшін Қазақстанға келеді деген қауесетке түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сәтқалиев энергетика мәселелерін тек Ресеймен ғана емес, басқа да елдермен халықаралық ынтымақтастық аясында ашық талқыланатын негізгі тақырып екенін алға тартты.
"Егер бұл мәселені Ресей тарапы көтерсе, онда біз талқылауға дайынбыз", — деді министр.
Сәтқалиев Қазақстанда барлық вендорлардың ұсыныстарын бәсекелестік негізде қарайтын үкіметаралық комиссия жұмыс істейтінін атап өтті.
Ал “Путиннің осы мақсатта елге келуі мүмкін бе” деген сауалға министр жауап бермеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі