Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әкімдердің жұмысын қалай бағалайсыз?: Қазақстандықтар рейтинг үшін дауыс бере алады

Биыл елімізде қызметке жаңа әкімдер келіп, өз аймақтарының әлеуетін арттыратын жоспарларын бөлісті. Халық та қажеттілік пен қоғамдық мәселелерді әкімдік алдында ашық көтеріп жүр. Осы тұста сауатты PR мен тұрғындарға ашық болу әкімдер жұмысына оң әсер етпек. Қазақ тіліндегі ең ірі ақпараттық ресурс Stan.kz осымен екінші рет өңір тұрғындарының пікірін білуге ​​бағытталған әкімдердің "Ел Үні – 2024" рейтингтік жобасын ұсынады. Бұл жобада әкімдердің жұмыс сапасына дауыс беру арқылы олардың рейтингі анықталады. Сіз олардың жұмысына қандай баға берсіз?

Дауыс беру ашық түрде өткізілуде және оған барша қазақстандық қатыса алады. 

Дауыс беру қорытындысы бойынша:

  • "Ең белсенді әкім"; 
  • "Тұрғындар үміті";
  • "Антирейтинг" деп аталатын үш номинация бойынша жеңімпаздар анықталады.

Нәтижелер де баршаға ашық әрі шынайы көрсетіледі. Аралық дауыс беру нәтижелері 5 желтоқсанда, соңғы қорытынды 10 желтоқсанда белгілі болады. Қалыс қалмай, әкімдердің тізімін, мына сілтемеден көріңіз.

Сонымен қатар дауыс беру рейтингінде еліміздегі алдыңғы қатарлы өндіруші компаниялар тізімі де көрсетілген. Тізімдегі кәсіпорындардың ел экономикасы мен халық жағдайына тигізіп отырған үлесін де бағалай аласыз. 

Бұдан басқа жоба аясында Қазақстан өңірлеріндегі өмір сүру сапасының рейтингі құрастырылады. Мұнда климаттық жағдайдан бастап, халықтың әл-ауқатына дейінгі он көрсеткіш ұсынылады. 

Сіз де дауыс беріп, елді жақсы жаққа өзгертіңіз! Рейтинг туралы ақпаратты мына жерден бақылай аласыз.

Талқылау