Белгісіз біреулер қазақстандықтардың суретін WhatsApp желісінде әккі ұрлықшылар деп таратып жіберген (видео)
Желіде бір топ адам пәтерлерді аралап, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып жүргені туралы ақпарат тарады. Аталған мәліметке Ішкі істер министрлігі пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Видеодан скрин
Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, өзін полиция қызметкерімін деген адамның жеке куәлігі барын тексеру керек. Егер ол құжатын ұсынса Ішкі істер министрлігінің белгісі бар жоғын анықтаңыз дейді.
"Пәтерлерді аралап, өзін ішкі істер министрлігінің қызметкері ретінде таныстыратын бір топ адам барын ескеруіңізді сұраймыз. Олар Ішкі істер министрлігінің белгісі бар құжаттар мен бланкілерді ұстап жүреді. Сондай-ақ "халық санағы" қарсаңында барлық тұрғында жарамды жеке куәліктерінің бар-жоғын тексеріп, биометрикадан өту керегін алға тартады. Сымбатты әрі Ішкі істер министрлігінің формасын киіп алған", – делінген желіде тараған ақпаратта.
Сонымен қатар жазбада осындай әрекеттерге қатысы бар деген бірнеше ер адамның видеосы бар.
"Ұрылар жүр, абай болыңдар. Кеше олар Толстой-Кутузовты нысанаға алған", – деп жазылған видеода.
Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, бұл тұлғалардың ешқандай қылмысқа қатысы жоқ.
"Көрсетілген тұлғалардың ешқандай құқық бұзушылыққа қатысы жоқтығы расталды", – делінген хабарламада.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, фото мен видеода көрсетілген азаматтар жалған ақпарат таратқаны үшін полицияға арызданған.
Айта кетейік, бұған дейін желіде жолбарыстың қала ішінде жүргені туралы жалған ақпарат таратқан теміртаулық жауапқа тартылғаны туралы жазған едік.