Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Трамадол да бар”: Жетісу облысында апатты ғимараттардың біріне мерзімі өтпеген дәрі-дәрмектерді лақтырып кеткен

Желіде Жетісу облысында апатты ғимараттардың бірінде шашылған дәрі-дәрмектердің видеосы тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлады. 

Фото желі кадрларынан 

Қорап-қорап препараттар Текелі қаласындағы апатты ғимараттардың бірінен табылған. Видео авторының айтуынша, антисанитариялық жерде қолдану мерзімі өтпеген қымбат дәрілер де болған екен. 

“Мұнда жарамдылық мерзімі 2025 жылдың қараша айына дейнгі ампициллин дәрісі жатыр. Қараусыз қалған ғимаратта осыншалық дәрі жатыр. Барлығын жай ғана лақтыра салған”, – делінген видео жазбаларында. 

Қорапта ампициллин ғана емес психотроптық препаратқа жататын "Трамадол" да жатыр. Сондай-ақ жарамды мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмектер де жоюға жіберілмеген көрінеді.



Ал тозығы жеткен ғимаратта адам жоқ. Бұл дәрілер арнайы ереже бойынша тізімнен шығарылуы керек еді. Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері аталған жағдайға қатысты қызметтік тексерістен кейін ғана түсініктеме беретіндерін мәлімдеді.

Талқылау