Ғалам аруы 2024: Мадина Әлмұханова Бәйтерек пен Самұрық құсының бейнесінде дефилеге шықты
Мексикада еліміздің атынан халықаралық сұлулық байқауына қатысып жатқан 24 жастағы "Ғалам аруы Қазақстан" атағына ие Мадина Әлмұханова ұлттық киімдер дефилесіне қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Getty Images / Hector Vivas
Мехикода 73-ші жыл сайын өтетін "Ғалам аруы" байқауы өтті. Бикини байқауынан кейін ең әсерлі әрі жарқын сайыстардың бірі – ұлттық киімдер дефилесі. Мұнда әр қатысушы өз халқының ең жақсы дәстүрлерін көрсетуге тырысады.
Missqazaqstan.official мәліметінше, Мәдина өзінің ұлттық киімі Қазақстанның культті ескерткіші – Бәйтерекке арналған құрмет екенін айтты. Бәйтерек – елдің өсуін, бірлігін және болашақ гүлденуін бейнелейтін қуатты символ.
Ол өзінің киімі Бәйтеректің сәулеттік ерекшеліктерін ғана емес, оның терең мәдени мағынасын да жеткізетінін атап өтті. Бұл киім ұлттық дәстүрімізді болашаққа деген батыл көзқараспен үйлесімді ұштастырады. Көйлек байлықты, жомарттықты және әділдікті бейнелейтін ашық қызғылт сары түстерде жасалған.
Киімнің басты элементі ретінде Бәйтерек монументінің шыңындағы алтын шарды бейнелейтін әсерлі тәж ұсынылды. Шардың айналасын Қазақстанда тұратын 101 ұлтты білдіретін 101 болат прут қоршап тұр, бұл әртүрліліктегі бірлік идеясын бейнелейді.
Мадина өмір ағашы Бәйтерекке ұшып келетін ғажайып құс Самұрық туралы халық аңызын да атап өтті. Оның келу сәтінде күшті жел тұрып, жаңбыр жауатынын айтты.
Фото: Getty Images / Hector Vivas
Фото: Getty Images / Hector Vivas
Фото: Getty Images / Hector Vivas
Фото: Getty Images / Hector Vivas
Биыл рекордтық көрсеткіш – 130 ару қатысқан байқауда басқа қатысушылар да киімдерінің сұлулығымен қазылар алқасын таңғалдырды.
"Ғалам аруы — 2024" байқауының жеңімпаз тәжін Дания өкілі Виктория Кьер Тейлвиг иеленді.
Еске сала кетейік, өткен жылы "Қазақстан аруы" атағын 22 жастағы алматылық Сабина Идирисова иеленсе, "Ғалам аруы Қазақстан" атағы 24 жастағы Мәдина Әлмұхановаға бұйырды. Ол Мексикада өтетін халықаралық байқауда еліміздің намысын қорғау құқығына ие болды. Ал "Жер аруы Қазақстан" титулын 21 жастағы Аяулым Әлімқалиева алды.
Бұған дейін хабарланғандай, ұлттық "Қазақстан аруы" сұлулық байқауында жас шектеулері алынып тасталды – енді оған 18 жастан асқан барлық қыздар қатыса алады. Қалған талаптар өзгеріссіз қалды: қатысушылардың бойы 165 см-ден төмен болмауы керек, Қазақстан азаматтығы болуы, тұрмыс құрмаған және балалары болмауы тиіс.