Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 281 мың адам табысы туралы декларация тапсырмаған

Қазақстанда 281 мың адам жалпыға бірдей декларация тапсырмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: istockphoto.com

Қосымша бір жарым ай уақыт берілсе де кәсіпкерлер, серіктестік басшылары, заңды тұлғалар мен олардың жұбайлары елдегі және шетелдегі дүние-мүлкін көрсетпеген. Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері ескертуді елемей, тәртіпке бағынбаған азаматтарға жаппай айыппұл салынатынын мәлімдеді. Айыппұл құны 55 мың теңге. Бұдан бөлек олардың банктегі есепшоттары да бұғатталмақ.

Жалпыға бірдей декларацияның үшінші кезеңінің соңғы күні 16 қыркүйек болған. Алайда бір ай қосымша уақыт берілгеніне қарамастан 281 мың азамат талапты орындамаған. Оның 20 мыңға жуығы Жамбыл облысында тұрады.

"19 мыңнан астам салық төлеушілерге бүгінде хабарламалар шығарылды. Аталған хабарламалар салық төлеушімен 30 күнде орындалуы қажет. Орындалмаған жағдайда мемлекеттік кірістер тарапынан аталған салық төлеушілерге банктік есеп шоттарына бұғат қойылатын болады”, – де

Ал, декларация тапсырғандардың 17 триллион теңгеден астам ақшасы бары анықталды. Бұл 800 мың заңды тұлға мен жеке кәсіпкерлердің қаржысы. Сондай-ақ шетелдегі бар байлығы бойынша 19 мыңға жуық адамның елден тыс жерде жылжымайтын мүліктері бар екен. 10 мыңға жуық қазақстандық өзге мемлекеттердің банкінен шот ашқан. Жат елде инвестиция ретінде алтын сақтағандар да көп. Бұл ақпаратты мемлекеттік кірістер комитеті жариялады.

Табысын көрсетіп үлгермеген азаматтарға ескерту берілген берілген еді. Олар хабарлама алған соң 30 күн үшінде есеп беріп үлгеруі тиіс еді. Алайда тиісті құжатты толтырмағандар енді 55 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды. Сондай-ақ, банк шоттары бұғатталады. Айта кетейік, келесі жылы 18 жасқа толған барлық ел азаматары декларация тапсырады.

Еске салсақ, бұған дейін декларация тапсырмаған қазақстандықтардың шоттары бұғатталатыны туралы жазған едік.

Талқылау